Мақаншы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Абай облысы Мақаншы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 28-198/VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Мақаншы ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мақаншы ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, есепті салықтық кезеңінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Б. Биболов

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в районе Мақаншы

Решение маслихата района Мақаншы области Абай от 28 ноября 2025 года № 28-198/VIII

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего решения см. в п.2.

      В соответствии со статьей 726 Налогового кодекса Республики Казахстан, маслихат района Мақаншы РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога, за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации за отчетный налоговый период в районе Мақаншы с 4 (четырех) процентов на 2 (два) процента.

      2. Настоящее решение вводиться в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель маслихата района Мақаншы Б. Биболов