"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Барқытбел ауылдық округі Барқытбел ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 4 шілдедегі Абай облысының ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Барқытбел ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Абай облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі Барқытбел ауылындағы көшелерінің атауы:
Советская көшесі Достық көшесіне;
Краснопартизанская көшесі Шамшырақ көшесіне;
Мира көшесі Шырайлы көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Барқытбел ауылдық округінің әкімі | А. Ш. Толыкбаев |