ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726 бабының сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық салу объектісіне 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Семей қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Сагандыков |