Қорықшы төсбелгісінің және балық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 257 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қорықшы төсбелгісінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімінің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Сапаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2025 жылғы 22 тамыздағы
№ 257 бұйрығына
1-қосымша

Қорықшы төсбелгісінің нысаны*

     



      Ескертпе:

      *Қорықшы төсбелгісі мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен мөлшері 72x56 миллиметр қалқан түрінде дайындалады. Төсбелгінің контуры кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып ені 3 миллиметр қатпарлау тәсілімен жасалады.

      Жоғарғы жағында ортада "ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ" деген алтын түсті жазу орналастырылған (әріптің биіктігі – 5 миллиметр, ені – 1 миллиметр).

      Қалқанның төменгі бөлігінің ортасында төсбелгінің жеке нөмірін жазу үшін мөлшері 35x9 миллиметр алтын түсті тікбұрышты алаңша орналасқан. "№" белгісі мен нөмірдің цифрлары қысып өрнектеу тәсілімен жасалады және қара эмальмен көмкеріледі.

      Төсбелгінің ортасында Қазақстанның алтын түстес күн шапағы шашылған картасының жасыл контуры бейнеленген, картаның фонында алтын түсті бекіре бейнеленген. Белгі көгілдір эмальмен көмкерілген (Қазақстан Республикасы жалауының түсі).

      Төсбелгінің арт жағында бекітпе бар.

      Төсбелгі қорықшының айырым белгілері бар арнайы киімінің кеуде тұсының сол жағына тағылады.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2025 жылғы 22 тамыздағы
№ 257 бұйрығына
2-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімінің нысаны

      1. Қорықшының айырым белгілері бар теңбіл түсті (қорғаныштық түс) арнайы киімі мыналардан тұрады:

      1) жазғы жиынтық: жеңіл күрте, шалбар, кепкі, қара түсті бәтеңке мен туфли;

      2) қысқы жиынтық: жылы күртелер, шалбарлар, құлақшын, қара түсті аяқ киім (етік, пима, унт).

      2. Күртелердің жағасы қайырмалы, ілмектер мен айырым белгілері тігілген. Күртенің сол жақ жеңінде иық тігісінен 120 миллиметр төмен шеврон тігіледі (немесе бекітіледі).

      3. Айырым белгілерінің, ілмектердің, эмблеманың, шевронның және бас киім кокардасының техникалық сипаттамасы осы Нысанға қосымшада көрсетілген.

  Балық шаруашылығы
субъектілерінің айырым
белгілері бар арнайы киім
нысанына қосымша

Айырым белгілерінің, ілмектердің, эмблеманың, шевронның және бас киім кокардасының техникалық сипаттамасы

      Айырым белгілері

     



      Айырым белгілері мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен жасалады, содан кейін алтын түсті гальваникалық жабын жасалады. Айырым белгілері өлшемдері 22x6 миллиметр бедерленген төртбұрыш түрінде жасалады. Төртбұрыштардың артқы жағында ортада сым бекітпе бар.

      Ілмектер





      Аға қорықшының ілмектері параллелепипед түрінде қою-жасыл барқыттан жасалады, өлшемдері 95x38x95x38 миллиметр, жиектері алтын түсті жіппен тігілген. Ілмектің жоғарғы жағында қорықшының эмблемасы орналасқан. Ілмектің ортасында өлшемдері 22х6 миллиметр болатын екі бедерленген төртбұрыш орналасқан.

      Қорықшының ілмектері параллелепипед түрінде қою-жасыл барқыттан жасалады, өлшемдері 95x38x95x38 миллиметр, жиектері алтын жіппен тігілген. Ілмектің жоғарғы жағында қорықшының эмблемасы орналасқан. Ілмектің ортасында өлшемдері 22х6 миллиметр болатын бір бедерленген төртбұрыш орналасқан.

      Эмблема

     



      Эмблема мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құйма әдісімен жасалады, кейін алтын түсті гальваникалық жабынмен көмкеріледі, өлшемдері 22х19 миллиметр. Эмблема жарты шеңбер емен гүлшоғыры түрінде жасалады, төменгі жағынан лентамен тартып байланған. Эмблеманың ортасында жасыл фонда бекіре бейнеленген өлшердері 14х16 миллиметрлік қалқан орналасқан. Эмблеманың арт жағында ортада сым бекітпе бар.

      Шеврон

     



      Қорықшының арнайы киімінің жеңіндегі шеврон тығыз матадан жасалады және сопақша пішінді болады. Шевронның сыртқы диаметрі 85 миллиметр, ішкі диаметрі 65 миллиметр.

      Сыртқы және ішкі диаметрлер арасында мемлекеттік тілде сары түспен жазылған балық шаруашылығының атауы орналастырылады. Шевронның ортасында сары фонда қалқан түріндегі қорықшының эмблемасы орналасқан. Эмблеманың жоғарғы бөлігінің ортасында сары түсті "Қорықшылық қызмет" деген жазу орналасқан. Эмблеманың ортасында алтын түстес күн шығатын Қазақстан картасының жасыл контуры, ал картаның фонында алтын түсті бекіре бейнеленген.

      Бас киімнің кокардасы

     



      Бас киімнің кокардасы мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен дайындалады, кейін алтын түсті гальваникалық жабынмен көмкеріледі.

      Бас киімнің кокардасы 55x43 миллиметр өлшемдерде жасалады және көлденең сопақ пішінді болады. Бас киімнің кокардасының ортасында өлшемдері 29x34 миллиметр болатын тік сопақ розетка орналасқан. Розетканың ортасында (өлшемдері 17x21 миллиметр) сопақшаны екі тең бөлікке бөлетін алтын түсті сегіз бұрышты, созылған жұлдыз орналасқан. Сопақшаның сол жағы жасыл эмальмен, оң жағы көк эмальмен көмкерілген. Сопақ розетканың жиегінің үстіңгі беті сәуле шашқан алтын түспен бедерленген. Розетка екі жағынан да, әрбір жағына бес данадан алтын жалатқан лавр бұтақтарымен жиектелген. Кокарданың төменгі бөлігіндегі лавр бұтақтары лентамен тартылған.

      Кокарданың арт жағында ортасында сым бекітпе бар.

Об утверждении формы нагрудного знака егеря и специальной одежды со знаками различия субъектов рыбного хозяйства

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 августа 2025 года № 257

      В соответствии с подпунктом 508-54) пункта 15 Положения о Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) форму нагрудного знака егеря согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) форму специальной одежды со знаками различия субъектов рыбного хозяйства согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление электронной копии настоящего приказа в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр А. Сапаров

  Приложение 1 к приказу
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 22 августа 2025 года № 257

Форма нагрудного знака егеря*

     



      Примечание:

      *Нагрудной знак егеря изготавливается в виде щита размером 72x56 миллиметров из сплава цинка, алюминия и меди, литьевым методом. Контур нагрудного знака выполняется рельефным способом шириной 3 миллиметра с последующим гальваническим покрытием золотистого цвета.

      В центре верхней части расположена надпись "ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ" золотистого цвета (высота букв – 5 миллиметров, ширина – 1 миллиметр).

      В центре нижней части щита расположена прямоугольная площадка размером 35x9 миллиметров золотистого цвета для нанесения индивидуального номера нагрудного знака. Знак "№" и цифры номера выполняются способом тиснения и покрываются черной эмалью.

      В центре нагрудного знака изображен зеленый контур карты Республики Казахстан с восходящим солнцем золотистого цвета, а на фоне карты – осетра золотистого цвета. Знак покрывается голубой эмалью (цвет флага Республики Казахстан).

      Нагрудной знак с обратной стороны имеет крепление.

      Нагрудной знак размещается на левой стороне в области груди на специальной одежде егеря со знаками различия.

  Приложение 2 к приказу
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 22 августа 2025 года № 257

Форма специальной одежды со знаками различия субъектов рыбного хозяйства

      1. Специальная одежда егеря хаки цвета (защитного цвета) со знаками различия состоит из:

      1) летнего комплекта: облегченные куртка, брюки, кепи, ботинки и туфли черного цвета;

      2) зимнего комплекта: утепленные куртка, брюки, шапка-ушанка, обувь темного цвета (сапоги, валенки, унты).

      2. На куртках предусмотрен воротник отложной с нашитыми петлицами и знаками различия. На левый рукав куртки, на расстоянии 120 миллиметров ниже плечевого шва, пришивается (или прикрепляется) шеврон.

      3. Техническое описание знаков различия, петлиц, эмблемы, шеврона и кокарды на головной убор указано в приложении к настоящей Форме.

  Приложение к форме
специальной одежды
со знаками различия
субъектов рыбного хозяйства

Техническое описание знаков различия, петлиц, эмблемы, шеврона и кокарды на головной убор

      Знаки различия

     



      Знаки различия изготавливаются литьевым методом из сплава цинка, алюминия и меди, с последующим гальваническим покрытием золотистого цвета. Знаки различия выполнены в форме рифленого прямоугольника размером 22x6 миллиметров. Прямоугольники с обратной стороны в центре имеют проволочное крепление.

      Петлицы





      Петлицы старшего егеря изготавливаются в форме параллелепипеда из темно-зеленого бархата, размером 95x38x95x38 миллиметров, с кантом из шитья золотистого цвета. В верхней части петлицы размещается эмблема егеря. В центре петлицы расположены два рифленых прямоугольника размером 22x6 миллиметров.

      Петлицы егеря изготавливаются в форме параллелепипеда из темно-зеленого бархата, размером 95x38x95x38 миллиметров, с кантом из шитья золотистого цвета. В верхней части петлицы размещается эмблема егеря. В центре петлицы расположен один рефленный прямоугольник размером 22x6 миллиметров.

      Эмблема

     



      Эмблема изготавливается литьевым методом из сплава цинка, алюминия и меди, с последующим гальваническим покрытием золотистого цвета, размером 22x19 миллиметров. Эмблема выполнена в форме полукруглого дубового венка, перетянутого снизу лентой. В центре эмблемы расположен щит размером 14x16 миллиметров, с изображением осетра на зеленом фоне. Эмблема с обратной стороны в центре имеет проволочное крепление.

      Шеврон

     



      Шеврон на рукава специальной одежды егеря изготавливается из плотного тканевого материала и имеет овальную форму. Внешний диаметр шеврона составляет 85 миллиметров, внутренний диаметр – 65 миллиметров.

      Между внешним и внутренним диаметрами размещается наименование рыбного хозяйства на государственном языке желтого цвета. В центре шеврона, на желтом фоне, размещена эмблема егеря в виде щита. В центре верхней части эмблемы расположена надпись "Қорықшылық қызмет" желтого цвета. В центре эмблемы изображен зеленый контур карты Казахстана с восходящим солнцем золотистого цвета, а на фоне карты – осетра золотистого цвета.

      Кокарда на головной убор

     



      Кокарда на головной убор изготавливается литьевым методом из сплава цинка, алюминия и меди, с последующим гальваническим покрытием золотистого цвета.

      Кокарда на головной убор изготавливается размером 55x43 миллиметров и имеет форму горизонтального овала. В центре кокарды на головной убор располагается вертикальная овальная розетка размером 29x34 миллиметров. В центре розетки (размером 17x21 миллиметров) расположена восьмиконечная, вытянутая звезда золотистого цвета, разделяющая овал на две равные части. Левая сторона овала покрыта зеленой эмалью, правая – голубой эмалью. Ободок овальной розетки имеет гофрированную лучеобразную поверхность золотистого цвета. Розетка обрамлена с обеих сторон лавровыми ветками золотистого цвета, по пять листьев с каждой стороны. В нижней части кокарды лавровые ветки перетянуты лентой.

      Кокарда с обратной стороны в центре имеет проволочное крепление.