Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына және "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
| Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "__" _______ №__ қаулысына 1-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленетін квотаның мөлшері (%) | Жұмыс істейтін ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы адамдардың саны | Жұмыс орындарының саны (адам) |
Барлығы | 500 | 1-2% | 0 | 8 | |
1 | "Ирригация және мелиорация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 71 | 1% | 0 | 1 |
2 | "Атамекен" бөбекжай- бақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 56 | 1% | 0 | 1 |
3 | "KAMEYA PharmGroup" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 145 | 1% | 0 | 1 |
4 | "Назар-Текстиль" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 143 | 2% | 0 | 3 |
5 | "KAZ UNE TEX" мүгедектердің қоғамдық бірлестігі | 85 | 2% | 0 | 2 |
| Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "____" _________ №____ қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
№ | Жұмыс берушінің атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленетін квотаның мөлшері (%) | Жұмыс істейтін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың саны | Жұмыс орындарының саны (адам) |
Барлығы | 2659 | 1-3% | 1 | 33 | |
1 | Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының "Абай" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 350 | 3% | 0 | 11 |
2 | Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының "Әл-Фараби" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 385 | 1% | 0 | 4 |
3 | Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының "Қаратау" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 481 | 1% | 0 | 5 |
4 | Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімі аппаратының "Тұран" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 492 | 1% | 1 | 4 |
5 | Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының "Асанбай Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 182 | 1% | 0 | 2 |
6 | "Tectum Engineering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 236 | 1% | 0 | 2 |
7 | "Pioneer Grain Products" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 193 | 1% | 0 | 2 |
8 | "Wan Sheng Ceramic" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 | 1% | 0 | 2 |
9 | "ЗЕРДЕ-Керамика" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 140 | 1% | 0 | 1 |
| Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "____" _________ №__ қаулысына 3-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін 2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
№ | Жұмыс берушінің атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленетін квотаның мөлшері (%) | Жұмыс істейтін пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны | Жұмыс орындарының саны (адам) |
Барлығы | 4316 | 1-4% | 9 | 52 | |
1 | Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының "Абай" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 350 | 3% | 0 | 11 |
2 | Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының "Әл-Фараби" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 385 | 1% | 2 | 4 |
3 | Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының "Қаратау" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 481 | 1% | 0 | 5 |
4 | Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімі аппаратының "Тұран" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 492 | 2% | 0 | 10 |
5 | Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының "Асанбай Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 182 | 1% | 0 | 2 |
6 | "Tectum Engineering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 236 | 1% | 0 | 2 |
7 | "ЕвроКристалл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 400 | 1% | 2 | 2 |
8 | "Шымкент Рем Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 237 | 1% | 1 | 1 |
9 | "Pioneer Grain Products" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 193 | 1% | 0 | 2 |
10 | "Таза өлке" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 363 | 1% | 1 | 3 |
11 | "ST-Бетон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 95 | 1% | 0 | 1 |
12 | "ST KARA TAS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 112 | 1% | 0 | 1 |
13 | "Wan Sheng Ceramic" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 | 1% | 0 | 2 |
14 | "ЗЕРДЕ-Керамика" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 140 | 1% | 0 | 1 |
15 | "ШымкентСпецКомплекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 450 | 1% | 0 | 5 |