"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шымкент қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылады.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
| Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "27" қарашадағы № 6530 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
жыл | Шымкент қаласында мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен коррекциялық топтарын қоспағанда) | ||||||
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге) | |||||||
Мемлекет тік мектепке дейінгі ұйым | Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым | Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ) | Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (толық емес күн болатын топтар) | Мектепке дейінгі ұйымдағы санаторлық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ) | Мектепке дейінгі ұйымдағы коррекциялық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ) | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым мен мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (жас ерекшелігіне қарай) | ||
3 жасқа дейін | 3-6 жас | |||||||
2025 | 18381 | 58955 | 55659 | 24550 | 83315 | 100613 | 544,58 | 686,04 |