ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 18.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 55-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар айқындалсын.
2. Қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтауды Шымкент қаласының аудан әкімдерінің аппараттары қамтамасыз етсін.
3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2026 жылғы 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
| Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "_27_" ___11____ № _6523_ қаулысына қосымша |
Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынған орындар
№ | Орындар |
1. | Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының аумақтары |
2. | Білім беру ұйымдарының аумақтары |
3. | Дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың аумақтары |
4. | Медициналық және емдеу ұйымдарының аумақтары |
5. | Мәдениет ұйымдарының аумақтары |
6. | Балалар мен спорттық ойын алаңдарының аумақтары |
7. | Адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақтар |
8. | Тыйым салу белгілері орнатылған, серуендеуге арналмаған аумақтар |
Өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар
№ | Орындар |
1. | Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары (көзі әлсіз көретін адамдарға арналған қызметтік иттер мен жетелеуші иттерден басқа) |
2. | Сервистік қызмет көрсету азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдары |
3. | Мәдени мекемелер (иттер қатысатын көрмелер, ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізу жағдайларын қоспағанда) |
4. | Діни ұйымдар (бірлестіктер) |
5. | Балалар ұйымдарының үй-жайлары |
6. | Білім беру ұйымдарының үй-жайлары |
7. | Медициналық ұйымдардың үй-жайлары |