Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның 2025 жылғы 22 қазандағы ЗТ-Р-25/271 санды өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына Шымкент қаласы, Қызылсай-Қазығұрт мекенжайында орналасқан электрмен жабдықтаудың "ВЛ-10кВ" жоғары вольтты желілерін және темір жолдардың "АБ" автоблоктарын пайдалану, объектіге қызмет көрсету" мен пайдалану үшін алаңы 0,0463 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 24 қазанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 3186 (үш мың бір жүз сексен алты) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
2. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына Шымкент қаласы, Қызылсай-Қорғасын мекенжайында орналасқан электрмен жабдықтаудың "ВЛ-10кВ" жоғары вольтты желілерін және темір жолдардың "АБ" автоблоктарын пайдалану, объектіге қызмет көрсету мен пайдалану үшін алаңы 0,0484 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 24 қазанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 3330 (үш мың үш жүз отыз) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
3."Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын жетекшілік ететін қала әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |