Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнайы кедендік статистиканы жүйелі жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 748 бұйрығымен бекітілген |
Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер Комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – Комитет) арнайы кедендік статистикасын (деректерді жинақтау, қалыптастыру және ұсыну) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Арнайы кедендік статистика мемлекеттік кірістер органдарының қызметін оңтайландыруға арналған жүйеленген мәліметтердің жиынтығын білдіреді.
3. Арнайы кедендік статистиканың міндеттері:
1) деректерді жинау және арнайы кедендік статистиканы жүргізу;
2) нақты бағыттар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметін неғұрлым объективті бағалау үшін арнайы кедендік статистиканың көрсеткіштерін, олардың жүйелерін әзірлеу болып табылады.
4. Кедендік реттеу саласындағы мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы мәліметтері арнайы кедендік статистиканың есепке алу объектісі болып табылады.
5. Арнайы кедендік статистиканың есепке алу объектілеріне мынадай:
1) мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы, оның ішінде кадр құрамы бойынша көрсеткіштер туралы;
2) декларациялау көлемі туралы;
3) кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы;
4) бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі туралы;
5) жүргізілген кедендік тексерулер және кедендік және өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру туралы мәліметтер жатқызылған.
6. Арнайы кедендік статистика деректерін мемлекеттік кірістер органдары қалыптастырады және оларға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында пайдаланылады.
7. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге Кодекстің 19-бабының ережелері қолданылады.
2-тарау. Арнайы кедендік статистиканы жүргізу тәртібі
8. Арнайы кедендік статистиканы жүргізу арнайы кедендік статистиканы қалыптастыру үшін қажетті деректерді жинақтау және өңдеу жолымен жүзеге асырылады.
9. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тұлғалар ұсынатын құжаттар мен мәліметтер негізінде Комитеттің ақпараттық жүйелеріндегі және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын есептіліктердегі мәліметтер арнайы кедендік статистиканы қалыптастыруға арналған дерек көздері болып табылады.
10. Арнайы кедендік статистика деректерін жинақтау мен қалыптастыруды Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
11. Жиынтық ай сайынғы (өсу қорытындысымен) және жылдық ақпаратты қалыптастыру үшін Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ай сайын есепті кезеңнен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей арнайы кедендік статистика деректерін жинақтау бөлігінде Комитеттің қызметіне үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге мемлекеттік кірістер органдары қызметінің әрбір көрсеткіштері бойынша қажетті мәліметтерді ұсынады.
12. Ай сайынғы жиынтық ақпарат есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне қалыптастырылады. Жыл сайынғы жиынтық ақпарат есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 20-ы күніне қалыптасады.
13. Арнайы кедендік статистика деректерін жинақтау бөлігінде Комитеттің қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше жиынтық ақпараттың жинақтауын жүзеге асырғаннан кейін, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы кедендік статистиканың мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі көрсеткіштерін Комитеттің ftp–ресурсына (Комитеттің желісі бойынша файлдарды беру үшін арналған стандартты хаттама (ftp://kgd.gov.kz)) орналастырады.
| Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларына қосымша Арнайы кедендік статистика деректерін жинауға арналған нысан |
Ұсынылады:
Арнайы кедендік статистика деректерін жинау бөлігінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелеріне.
Әкімшілік нысанның атауы: мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі көрсеткіштері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-МКОҚНК
Кезеңділік: ай сайын/жыл сайын
Есепті кезең: 20 __жылғы __ай.
Әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: аумақтық мемлекеттік кірістер органдарынан алынған деректер негізінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне;
жыл сайын есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 20-сы күніне.
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде.
Қазақстан Республикасы бойынша деректер | Өлшем бірлік | 20__ жылғы кезең | 20__ жылғы кезең |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жалпы ақпарат | |||
Мемлекеттік кірістер департаменттерінің саны | бірлік | ||
Ішкі кеден бекеттерінің саны, оның ішінде: | бірлік | ||
кедендік ресімдеу орталығы | бірлік | ||
арнайы экономикалық аймақ | бірлік | ||
Шекара маңындағы кеден бекеттерінің саны, оның ішінде бақылау-өткізу пункттері: | бірлік | ||
автомобиль | бірлік | ||
теміржол | бірлік | ||
әуежай | бірлік | ||
теңіз | бірлік | ||
Декларациялаудың көлемі | |||
Теміржол құралдарының саны | вагондар | ||
Автокөлік құралдарының саны | бірлік | ||
Халықаралық жол тасымалдау кітапшалары (ХЖТ) | ХЖТ кітапшасы | ||
Ресімделген транзиттік декларациялардың жалпы саны (ТД) | ТД саны | ||
Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемі | миллион тонн | ||
Ресімделген тауарларға арналған декларациялар саны (Экспорт-10) | саны | ||
Ресімделген тауарларға арналған декларациялар саны (Импорт-40) | саны | ||
Автоматты түрде шығарылған кедендік декларациялар саны | саны | ||
Электрондық сауда тауарларына арналған ресімделген декларациялар саны" (импорт) | саны | ||
Электрондық сауда тауарларына арналған ресімделген декларациялар саны" (экспорт) | саны | ||
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың нәтежелілігі* | пайыз | ||
Сыртқы шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің өткізу қабілеттілігі | бірлік | ||
Кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат | |||
Кеден өкілдерінің тізіліміне сәйкес кеден өкілдерінің саны** | бірлік | ||
оның ішінде: жұмыс істейтін | бірлік | ||
Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне сәйкес кедендік тасымалдаушылар саны** | бірлік | ||
оның ішінде: жұмыс істейтін | бірлік | ||
Уәкiлетті экономикалық операторлар тізіліміне сәйкес уәкiлетті экономикалық операторлар саны (УЭО) ** | бірлік | ||
оның ішінде: жұмыс істейтін | бірлік | ||
Уақытша сақтау қоймалары иелері тізіліміне сәйкес уақытша сақтау қоймалары иелерінің саны (УСҚ) ** | бірлік | ||
оның ішінде: жұмыс істейтін | бірлік | ||
Кеден қоймалары иелері тізіліміне сәйкес кеден қоймалары иелерінің саны** | бірлік | ||
оның ішінде: жұмыс істейтін | бірлік | ||
Бажсыз сауда дүкендері иелері тізіліміне сәйкес бажсыз сауда дүкендері иелерінің саны** | бірлік | ||
оның ішінде: жұмыс істейтін | бірлік | ||
Еркін қойма иелері тізіліміне сәйкес еркін қойма иелерінің саны** | бірлік | ||
оның ішінде: жұмыс істейтін | бірлік | ||
Электрондық сауда операторларының саны *** | бірлік | ||
Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі | |||
Барлығы | миллион теңге | ||
Кедендік алымдар | миллион теңге | ||
Импорттық кедендік баж | миллион теңге | ||
Экспорттық кедендік баж | миллион теңге | ||
Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, сондай-ақ бөлуге жатпайтын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынылған төлем шотына енгізілетін аванстық төлемдер | миллион теңге | ||
Импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы (жалпы) | миллион теңге | ||
Импортқа акциздер | миллион теңге | ||
Кедендік төлемдердің жиынтығы | миллион теңге | ||
Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкасы | миллион теңге | ||
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бөлінген кедендік әкелу баждары | миллион теңге | ||
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж | миллион теңге | ||
Бөлуге жатпайтын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждары | миллион теңге | ||
Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде шетелдік интернет компаниялардан алынатын қосылған құн салығы | миллион теңге | ||
Жүргізілген кедендік тексерулер және кедендік және өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру туралы мәліметтер | |||
Кедендік тексеру | тексерулер саны | ||
оның ішінде: камералдық кедендік тексерулер | тексерулер саны | ||
көшпелі кедендік тексеру | тексерулер саны | ||
Кедендік төлемдер мен салықтар, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар қосымша есептеледі | мың теңге | ||
Кедендік төлемдер мен салықтар, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар өндіріліп алынды | мың теңге | ||
Тауарлар шығарылғаннан кейін басталған және өзге де жағдайларда кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру | тексерістер саны | ||
Кедендік төлемдер мен салықтар, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар қосымша есептеледі | миллион теңге | ||
Кедендік төлемдер мен салықтар, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы өтемақы мен баждары, өсімпұлдар, пайыздар өндіріліп алынды | миллион теңге | ||
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кадрлық құрамы | |||
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кеден бекеттерінің штат саны | қызметкерлер | ||
оның ішінде іс жүзіндегі саны: | қызметкерлер | ||
есепті кезең ішіндегі кеден бекеттерінде персоналдың тұрақтамаушылық деңгейі | пайыз | ||
Ескертпе:
*Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған, барлық жүргізілгендердің ішінен нәтижелі кедендік тексерудің үлесі.
**Тізілімдер "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 485-бабына сәйкес жүргізіледі.
***электрондық сауда таураларын кедендік реттеу Еуразиялық эконоикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.
"Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі көрсеткіштері" деген нысанды толтыру бойынша түсіндірме көрсетілген нысанға қосымшада келтірілген.
Типтік мекенжай бөлігі
Атауы ____________________ Мекенжайы _____________________
Телефон_____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы _________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген
жағдайда), (қолы))
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_____________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген
жағдайда), телефон/(қолы))
| Арнайы кедендік статистика деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
Арнайы кедендік статистика деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. "Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі көрсеткіштері" нысанының "Жалпы ақпарат" бөлімінде (бұдан әрі – нысан):
3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі кеден бағыты, оның ішінде бөлімшелер бойынша (ішкі кеден бекеттері, шекара маңындағы кеден бекеттері, оның ішінде бақылау-өткізу пункттері) бөлігінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының саны көрсетіледі;
4-бағанада өткен ұқсас кезең ішіндегі кеден бағыты, оның ішінде бөлімшелер бойынша (ішкі кеден бекеттері, шекара маңындағы кеден бекеттері, оның ішінде бақылау-өткізу пункттері) бөлігінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының саны көрсетіледі.
2. "Декларациялаудың көлемі" деген бөлімде:
3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі тиісті жолдарда белгіленген өлшем бірлікке сәйкес сандық деректер (жеке тұлғалар, теміржол құралдары, автокөлік құралдары, халықаралық жол тасымалдау кітапшалары, ресімделген транзиттік декларациялар, Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемі, ресімделген тауарларға арналған декларациялар (Экспорт-10), ресімделген тауарларға арналған декларациялар (Импорт-40), автоматты түрде шығарылған кедендік декларациялар, электрондық сауда тауарларына арналған ресімделген декларациялар (Импорт), электрондық сауда тауарларына арналған ресімделген декларациялар (Экпорт), тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың нәтежелілігі, сыртқы шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің өткізу қабілеттілігі) көрсетіледі;
4-бағанада өткен ұқсас кезең ішіндегі тиісті жолдарда белгіленген өлшем бірлікке сәйкес сандық деректер (жеке тұлғалар, теміржол құралдары, автокөлік құралдары, халықаралық жол тасымалдау кітапшалары, ресімделген транзиттік декларациялар, Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемі, ресімделген тауарларға арналған декларациялар (Экспорт-10), ресімделген тауарларға арналған декларациялар (Импорт-40), автоматты түрде шығарылған кедендік декларациялар, электрондық сауда тауарларына арналған ресімделген декларациялар (Импорт), электрондық сауда тауарларына арналған ресімделген декларациялар (Экпорт), тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың нәтежелілігі, сыртқы шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің өткізу қабілеттілігі) көрсетіледі.
3. "Кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат" деген бөлімде:
3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уәкiлетті экономикалық операторлар (УЭО), уақытша сақтау қоймаларының иелері (УСҚ), кеден қоймалары иелері, бажсыз сауда дүкендері иелері, еркін қойма иелері (жалпы және жұмыс істейтін), электрондық сауда операторлары бойынша бөлігінде кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар бойынша сандық мәліметтер көрсетіледі;
4-бағанада өткен ұқсас кезең ішіндегі кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уәкiлетті экономикалық операторлар (УЭО), уақытша сақтау қоймаларының иелері (УСҚ), кеден қоймалары иелері, бажсыз сауда дүкендері иелері, еркін қойма иелері (жалпы және жұмыс істейтін), электрондық сауда операторлары бойынша бөлігінде кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар бойынша сандық мәліметтер көрсетіледі.
4. "Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуі" деген бөлімде:
3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі сома бөлігінде бюджетке келіп түскен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша сандық деректер көрсетіледі;
4-бағанада өткен ұқсас кезең ішіндегі сома бөлігінде бюджетке келіп түскен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша сандық деректер көрсетіледі.
5. "Жүргізілген кедендік тексерулер және кедендік және өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтерді тексеру туралы" деген бөлімде:
3-бағанада ұсынылған кезең ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жүргізген кедендік тексерулер (камералдық және көшпелі кедендік тексерулер), сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексерулер бойынша сандық деректер және қосымша есептелген және өндіріп алынған кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар мен пайыздар бойынша деректер көрсетіледі;
4-бағанада өткен ұқсас есептік кезең ішіндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдары жүргізген кедендік тексерулер (камералдық және көшпелі кедендік тексерулер), сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексерулер бойынша сандық деректер және қосымша есептелген және өндіріп алынған кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар мен пайыздар бойынша деректер көрсетіледі.
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығы және акциз (акциздер) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде өндіріп алынатын салықтарға жатады.
6. "Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кадрлық құрамы" деген бөлімде:
3-бағанада ұсынылатын кезең ішіндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының кеден бекеттерінің ресми және іс жүзіндегі саны бойынша сандық деректер көрсетіледі;
4-бағанада белгіленген өлшем бірлікке сәйкес өткен ұқсас кезең ішіндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бекеттерінің ресми және іс жүзіндегі саны бойынша сандық деректері көрсетіледі.