ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 52-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының көлік құралдарын есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен cалық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы және осындай объектілері бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік және ішкі істер министрліктерінің жетекшілік ететін вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Мемлекеттік кірістер органының көлік құралдарын есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен cалық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы және осындай объектілері бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органының көлік құралдарын есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен cалық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы және осындай объектілері бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 52-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын есепке алу және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер мен осындай объектілері бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібін және мерзімдерін айқындайды.
2-тарау. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер мен осындай объектілері бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, ішкі істер және көлік министрліктері жатады.
3. Уәкілетті мемлекеттік органдар онлайн режимде күн сайын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы және осындай объектілері бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша "Smart Data Finance" ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.
Ақпараттық жүйелердің интеграциясы болмаған жағдайда, Мәліметтер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірілмей kgd.kancelyarya@kgd.gov.kz электрондық мекенжайға электрондық түрде ұсынылады.
4. Мемлекеттік кірістер органы және уәкілетті мемлекеттік органдар Мәліметтерді алған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының салықтық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу, таралып кетуіне жол бермеу туралы талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдары бойынша мәліметтер
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin интернет-ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдары бойынша мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-НКҚ.
Кезеңділігі: күн сайын.
Есепті кезең: күн сайын.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, ішкі істер және көлік министрліктері.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: күн сайын.
ЖСН/БСН:
![]()
Жинау әдісі – онлайн режимде
№ р/с | Заңды тұлғаның атауы немесе КҚ меншік иесінің жеке тұлғаның Т.А.Ә. | КҚ меншік иесінің БСН/ЖСН | Заңды тұлғаның орналасқан жерінің немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің заңды мекенжайы | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | КҚ есепке қою күні | КҚ есептен шығару күні | КҚ түрі немесе типі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы
КҚ маркасы, моделі, модификациясы | КҚ мемлекеттік нөмірінің белгісі | КҚ сәйкестендіру | КҚ қозғалтқышының көлемі (см³) | КҚ жүк көтергіштігі (тіркемені есепке алмағанда) тоннада | КҚ отыратын орындарының саны | КҚ типі мен түріне қарай қозғалтқыштың қуаты (а.к./кВт) |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
__________________________________________ _____________________
(уәкілетті мемлекеттік орган басшысының (қолы, мөр орны) тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________ _____________________
(мәліметтерді толтыруға жауапты лауазымды (қолы) адамның тегі, аты, әкесінің аты)
Жасалған күні 20___ жылғы "___" ________________
Ескертпе: Осы нысан "Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдары бойынша
мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру
бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
а.к. – ат күші
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
кВт – киловатт
КҚ – көлік құралы
см³ – текше сантиметр
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
| "Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме (индексі – 1- КҚС мерзімділігі: күн сайын)
1. Нысанның 1-бағанында реті бойынша нөмірі көрсетіледі (келесі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді бұзбауы тиіс).
2. Нысанның 2-бағанында заңды тұлғаның атауы немесе көлік құралының (бұдан әрі – КҚ) меншік иесі - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында – 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында заңды тұлғаның орналасқан жерінің немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің заңды мекенжайы көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында КҚ есепке қойылған күні көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында КҚ есептен шығарылған күні көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында КҚ түрі, мысалы: автокөлік – жеңіл, жүк, автобус, пневматикалық жүріспен жабдықталған доңғалақты немесе шынжыр табанды трактор, өздігінен жүретін машиналар, азаматтық әуе көлігі немесе ұшу аппараты, теміржол көлігі, теңіз және өзен кемелері, мотоцикл, квадроцикл, қарда жүретін көлік, скутер және т.б. көрсетіледі.
9. Нысанның 9-бағанында КҚ маркасы, моделі, модификациясы көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында КҚ сәйкестендіргіші – КҚ типіне немес түріне байланысты VIN-коды, шанақ нөмірі немесе кеменің борттық нөмірі көрсетіледі.
12. Нысанның 12-бағанында КҚ қозғалтқышының көлемі текше сантиметрмен (см³) көрсетіледі. Бұл мәліметтер В санатындағы автокөліктерге, сондай-ақ жеңіл автомобиль шассиінде жасалған, жүк бөлігі жүргізуші кабинасынан қатты тұтас қабырғамен оқшауланған пикаптарға, жолаушы орындары мен массасы бойынша В санатынан асып түсетін жоғары өтімділікке ие КҚ (джиптер, кроссоверлер, лимузиндер) қатысты көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында КҚ-ның тіркемесіз жүк көтергіштігі (тоннамен) көрсетіледі. Бұл деректер С санатындағы көліктер бойынша көрсетіледі.
14. Нысанның 14-бағанында КҚ-дағы отыратын орын саны көрсетіледі. Бұл мәліметтер D санатындағы көліктерге қатысты көрсетіледі.
15. Нысанның 15-бағанында КҚ түрі мен типіне қарай (мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын көлемді кемелер, катерлер, кемелер, тіркемелер, баржалар, яхталар, ұшу аппараттары, магистральдық жолдарда барлық санаттағы пойыздарды жүргізуге; станциялық және кірме жолдарда маневрлік жұмыстар жүргізуге; өнеркәсіптік теміржол көлігі жолдарында пайдаланылатын теміржол тартқыш жылжымалы құрамы, сондай-ақ жолаушыларды магистральдық және станциялық жолдарда тасымалдауға арналған мотор-вагондық жылжымалы құрам мен қалалық рельстік көлік құралдары) қозғалтқышының қуаты (ат күшімен немесе киловаттпен) көрсетіледі.