БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепке алу қағидалары), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидаларын (бұдан әрі – Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидалары) және осы Қағидаларды басшылыққа алынады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осыған ұқсас мәмілелер мен басқа да оқиғалар үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік бірыңғай есептік саясат негізінде жасалады. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер бірыңғай есепке алу қағидаларын қолданады.
Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес жасалатын берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстардың деректерімен салыстырылады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларының талаптарына сәйкес берілген бюджеттік есептілік жөніндегі ақпарат міндетті түрде жазылады.";
71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Бюджет түсімдері бойынша операциялар бухгалтерлік есепте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Есепке алу саясатында (бұдан әрі – Есеп саясаты) және Бухалтерлік есеп қағидаларында айқындалған тәртіппен көрсетіледі.
72. Мемлекеттік кірістер органы және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қалыптастыратын мемлекеттік кірістер органдарында олар бойынша есепке алу жүргізілетін Салық және бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп (бұдан әрі – Жиынтық есеп) бюджетке есептелген салықтық түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.
"е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ИААЖ) алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары есептелген түсімдердің өзге санаттарын көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде ИААЖ-дан алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары бюджетке есептелген салықтық және салықтық емес түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.
Кедендік әкелу баждарының, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы есептер бөлінген, бірақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер есепті күнге Қазақстан Республикасына аудармаған кедендік әкелу, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша дебиторлық берешекті көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Бюджетке түсімдер салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттердің түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттер мен қарыздардың түсімдерін қамтиды. Тиісті бюджеттерге түсімдер Бюджет кодексіне сәйкес көрсетіледі.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Тиісті бюджетке түсетін салықтық түсімдер есептеу әдісі бойынша танылады және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне түсетін түсімдерді қоспағанда Жиынтық есептің және Еуразиялық экономикалық одақтың есептерінің деректері негізінде айырбас емес операциялардан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.
Облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне салықтық түсімдер ИААЖ-дан алынған түсімдер бойынша есептердің деректері негізінде айырбас емес операциялардан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.";
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Салықтық емес түсімдер бухгалтерлік есепте Есеп саясатында және Бухалтерлік есеп қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті ақпарат негізінде көрсетіледі.";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. 6060 "Гранттар бойынша кірістер" қосалқы шоты қолданылатын гранттардың түсімдерінен түсетін кірістерді қоспағанда, тиісті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдерден түсетін кірістерді тану үшін 6081 "Бюджетке салықтық түсімдерден түсетін кірістер", 6082 "Бюджетке салықтық емес түсімдерден түсетін кірістер" қосалқы шоттары қолданылады.
Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша кірістерді есептеу 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шоттарының дебеті және 6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер", 6082 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерден алынатын кірістер" қосалқы шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.
Салық түсімдерін есептеу тәртібі "Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына 4-қосымшаға (бұдан әрі – 4-қосымша) сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есепке бухгалтерлік операциялар бойынша шоттар корреспонденциясына және осы Қағидалардың 95-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджетке салық түсімдерінен түсетін кірістерге мыналар енгізіледі:
4-қосымшаның 3 және 10-тармақтарына сәйкес Жиынтық есептен салықтарды есептеу сомасы. Бұл ретте кірістер есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сомаларға азайтылмайды;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің есепті күніне бөлінген, бірақ аударылмаған кедендік әкелу, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары.
Бюджетке салық түсімдерінен түсетін кірістерге Мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын, сондай-ақ заңды тұлғалардың дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есептің сомалары енгізілмейді.";
мынадай мазмұндағы 95-тармақпен толықтырылсын:
"95. Мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғалардан түскен түсімдер мен қайтарылған сомалар, берешектер, сондай-ақ Жиынтық есептің II бөліміне сәйкес түсімдер мен қайтарылған сомалар мынадай корреспонденцияда көрсетіледі:
бюджетке түсетін түсімдер сомасына 1292 "Салық түсімдері бойынша бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті, 6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер" қосалқы шотының кредиті, 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" қосалқы шоттарының дебеті, 1292 "Салық түсімдері бойынша бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
қайтару сомасына 1292 "Салық түсімдері бойынша бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті, 6081 "Бюджетке салықтық түсімдерден түсетін кірістер" (қызыл түзетпе) қосалқы шотының кредиті, 3280 "Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті, 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" қосалқы шоттарының кредиті, 1292 "Салық түсімдері бойынша бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті, 3280 "Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті.";
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшаға 3-қосымшада:
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктемеде (ЖЕ-1, жылдық):
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жиынтық есептің 1-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Жиынтық есепке 2-қосымшада нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуіне негізделген қайтарылуға жататын сомалар көрсетіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы