ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен қаулы және бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 52-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. Мына:
1) осы бірлескен қаулының және бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының нысаны;
2) осы бірлескен қаулының және бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны ұсыну мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулының және бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бірлескен қаулыны және бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы |
____________ М. Әбілқасымова |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
___________ М. Такиев |
Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды
________________________________________________________
(сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы)
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі_____________________________
Күні________________________
мың теңге
№ | Сақтандыру міндетемелерінің атауы | ___жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша салық төлеушінің деректері бойынша ақпарат | ____ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру ) ұйымының деректері бойынша уәкілетті органның ақпараты | Уәкілетті органның сақтандыру міндеттемелерін есептеуде, Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесінде пайдаланылатын актуарлық жорамалдардың сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы қорытындысы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-бөлім. Сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша сақтандыру міндеттемелері | ||||
1 | Сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелер, оның ішінде: | |||
1.1 | күтілетін ақша ағындарын ең жақсы бағалау | |||
1.2 | қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету | |||
1.3 | сақтандыру шартында көзделген қызметтер үшін маржа | |||
1.4 | Зиян құрауышы, оның ішінде: | |||
1.4.1 | күтілетін ақша ағындарын ең жақсы бағалау бойынша | |||
1.4.2 | қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету бойынша | |||
2-бөлім. Туындаған зиян бойынша сақтандыру міндеттемелері | ||||
1 | Туындаған зиян бойынша міндеттемелер | |||
2 | Туындаған зиян бойынша қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету | |||
3-бөлім. Қайта сақтандыру жөніндегі активтер | ||||
1 | Қайта сақтандыру жөніндегі активтер, оның ішінде: | |||
1.1 | қайта сақтандыру активі бойынша күтілетін ақша ағындарын ең жақсы бағалау | |||
1.2 | қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету бойынша қайта сақтандыру активі | |||
1.3 | шартта көзделген қайта сақтандыру қызметтері үшін маржа | |||
1.4 | қайта сақтандыру шарттары бойынша маржа зиянын өтеу құрауышы | |||
2 | Туындаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтері | |||
3 | Туындаған зиян бойынша қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету бойынша қайта сақтандыру активі | |||
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының мерзімін белгілеу
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының мерзімі (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 52-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 47-1-бабына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілетін талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны ұсыну бойынша мемлекеттік кірістер органдары және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өзара іс-қимылының тәртібін айқындайды.
2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
1) қайта сақтандыру жөніндегі активтер – қайта сақтандыру шарттарынан туындайтын, есеп айырысу күніне актуарлық есеп айырысулар негізінде бағаланатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру міндеттемелеріндегі қайта сақтандырушының үлесі;
2) сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды – Заңның 47-1-бабына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, сақтандыру міндеттемелерін есептеуде пайдаланылатын актуарлық жорамалдардың сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы қорытынды;
3) сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелер-осы шарттар бойынша күтілетін болашақ түсімдерді шегергенде, қолданыстағы сақтандыру шарттарының қолданылу мерзімінің қалған кезеңінде болуы мүмкін болашақ сақтандыру оқиғаларына байланысты сақтандыру міндеттемелерін бағалау;
4) туындаған сақтандыру шығындары бойынша міндеттемелер - бұрын орын алған, бірақ олар бойынша сақтандыру төлемдері толық немесе ішінара жүргізілмеген сақтандыру жағдайларына байланысты туындайтын сақтандыру міндеттемелерін бағалау;
5) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
3. Қағидаларда қолданылатын басқа ұғымдар Заңда белгіленген мағыналарда қолданылады.
2 тарау. Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны ұсыну тәртібі
4. Салықтық тексеруді жүргізу барысында уәкілетті органға бұлтты құжат айналымы арқылы жіберілетін мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салуы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының деректемелері (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН));
2) сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды ұсынылатын күн;
3) сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды ұсынылған күні сақтандыру өтемінің қалған бөлігі, туындаған сақтандыру зияндары мен қайта сақтандыру активтері бойынша сақтандыру міндеттемелерінің сомалары;
5. Уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салуы бойынша осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
6. Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыда уәкілетті орган Заңның 47-1-бабына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сақтандыру міндеттемелерін есептеу мен сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесінде пайдаланылатын салық төлеушінің актуарлық жорамалдарына сәйкестік (сәйкессіздік) себептерін көрсете отырып, сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелер мөлшерлерінің сомалары, туындаған сақтандыру шығындары, қайта сақтандыру активтері бойынша мәліметтерді көрсетеді.
7. Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды мемлекеттік кіріс органдарына бұлтты құжат айналымы арқылы уәкілетті орган басшысының орынбасарының қолы қойылған ілеспе хатпен жіберіледі.