"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Д. Темірбеков |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 10 қазандағы № 592 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жабдықталуы, соның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ұтқыр топ – мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен құрылған кедендік бақылау аймақтарында және олардан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге уәкілетті лауазымды адамдардың көшпелі тобы;
2) ұтқыр топ наряды – мемлекеттік кірістер органының басшысы (оны алмастыратын адам) жіберетін, автомобиль жолдары бойынша белгілі бір маршрут бойынша қозғалатын, ұтқыр топ құрамына кіретін лауазымды адамдар тобы (бұдан әрі – лауазымды адам).
3. ұтқыр топтардың негізгі міндеттері – ЕАЭО кедендік аумағындағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты бақылау жүргізу мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, ЕАЭО кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету ұтқыр топтың негізгі міндеттері болып табылады.
4. Ұтқыр топ өз қызметінде, сақталуын бақылау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарды, Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
2-тарау. Ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру тәртібі
5. Ұтқыр топ мемлекеттік кірістер органында құрылады.
Ұтқыр топтың штат санын, құрамын, жұмыс кестесі мен іс-шаралар жоспарын мемлекеттік кірістер органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
6. Ұтқыр топ қызметін күнтізбелік жылға қалыптастырылған жұмыс кестесі мен іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Іс-шаралар жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Ұтқыр топтың жұмыс кестесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және лауазымды адамдардың жұмыс күндері мен сағаттарын, сондай-ақ демалыс пен тамақтануға арналған уақытын белгілейді.
7. Ұтқыр топ іс-шаралар жоспарында айқындалған қозғалыс маршруты бойынша автомобиль жолдарымен көлік құралдарында немесе жабдықталған көлік құралдарында қозғалады.
Бұл ретте жабдықталған көлік құралдарын ұтқыр топ кедендік бақылауды жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында, қалалар шегінен тыс немесе өзге де елді мекендердегі автомобиль жолдарында жүзеге асыру кезінде пайдаланады.
Ұтқыр топ нарядының қозғалыс маршруты көлік құралдарының тәулік және жыл уақытына байланысты қозғалыс қарқындылығын ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітетін ұтқыр топ нарядының қозғалыс маршруты карточкасында (бұдан әрі – маршрут карточкасы) айқындалады.
Маршрут карточкасы 2 (екі) данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органында сақталады, екінші данасы ұтқыр топ нарядына беріледі.
Маршрут карточкасы арнайы тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) тіркеледі, ол күнтізбелік жылға ашылады және қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында жүргізіледі.
Қағаз жеткізгіштегі журнал нөмірленеді, тігiледі және мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын адамның) қолымен және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітіледі.
8. Ұтқыр топтың басшысы мен ұтқыр топтың аға наряды аптасына 2 (екі) рет Тізбеге сәйкес құралдардың болуын, техникалық жай-күйін және жұмысқа жарамдылығын тексереді.
9. Фототүсірілімдер, аудио-, бейнежазбалар цифрлық форматта мемлекеттік кірістер органының серверлерінде 3 (үш) жыл бойы сақталады.
10. Ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде ұтқыр топтың аға наряды мүлікті қабылдап алу-тапсыру актісін жасайды, ол мемлекеттік кірістер органында сақталады.
11. Ұтқыр топтың жұмысына ішкі істер органдарының, көлікті бақылау, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің өкілдері тартылады.
12. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген міндеттерді орындау кезінде лауазымды адамдар:
1) "Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 16435 болып тіркелген) нысан бойынша нысанды киім киеді;
2) кеудеге тағылатын бейнетіркегішті (бейнежетон) тағады және "Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 16504 болып тіркелген) Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесіне енгізілген техникалық құралдарды қолданады;
3) әкімшілік мемлекеттік қызметшінің сәйкестендіру картасын өзімен бірге алып жүреді;
4) бейнетіркегішті (бейнежетон), бейнекамераны пайдалана отырып, фототүсірілімдер, аудио-, бейнежазба жүргізеді.
13. Ұтқыр топ нысанды киіммен, техникалық құралдармен, көлік құралдарымен, оның ішінде жабдықталған көлік құралдарымен және осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген Көлік, техникалық және өзге де құралдарының тізбесіне сәйкес өзге де құралдармен жарақтандырылады.
Бұл ретте жабдықталған көлік құралдары арнайы жарық немесе дыбыс дабылдарымен және арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша бояумен жабдықталады, "Мемлекеттік кірістер органдарының Ұтқыр тобы" деген жазумен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің эмблемасымен белгіленеді.
| Мемлекеттік кірістер органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру қағидаларына 1-қосымша |
Көлік, техникалық және өзге де құралдардың тізбесі
1. Көлік құралдарын тоқтатуға арналған таяқшалар.
2. Ысқырықтар.
3. Дыбыстық сигнал жабдықтары (дауыс зорайтқыш құрылғы).
4. Нормативтік және техникалық құжаттама.
5. Планшеттер.
6. Арнайы бұғаттаушы құрылғылар (дөңгелек бұғаттағыш).
7. Өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары.
8. "Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 16504 болып тіркелген) Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесіне енгізілген техникалық құралдар.
9. Көлік құралдары.
10. Жабдықталған көлік құралдары.
11. Қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық шамдар.
| Мемлекеттік кірістер органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандыру қағидаларына 2-қосымша |
нысан
| "БЕКІТЕМІН" Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары) _______________________ (тегі, аты-жөні) _______________________ (қолы) (күні) |
Ұтқыр топ нарядының жүру маршрутының карточкасы
20_____ жылғы "____" __________ № ________
Ұтқыр топ наряды №_____________________________________________
_______________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Жүру маршруты:________________________________________________
_______________________________________________________________
(ауданның, елді мекеннің атауы, километрі көрсетіле отырып автомобиль жолының атауы)
Жүру кезеңі:
20__ жылғы "__" ________бастап 20__ жылғы "__" _______дейін
Наряд құрамы:
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),
лауазымы)
Кезекшілікті қабылдады:
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),
лауазымы, қолы, күні)