"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарқара ауылдық округінің Қарқара ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарқара ауылдық округінің Қарқара ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне – "Қайыров Әжі" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Округ әкімі | Е.А.Сабырбеков |