Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 8-4-29 шешімімен бекітілген Нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Ұйғыр ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасының негізінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй" мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Есжан |
Ұйғыр аудандық мәслихатының 2025 жылғы "08" тамыздағы № 8-45-215 шешіміне қосымша |
Ұйғыр ауданының жер учаскелерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының базалық ставкаларынан жер салығының ставкаларын арттыру
№ | Ауылдық округтер атаулары | № | Елді-мекендер (учаскелердің) атаулары | Пайызын арттыру |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Шонжы ауылдық округі | 1 | Шонжы ауылы | 40% |
2 | "Қалғантам" учаскесі | 40% | ||
2 | Қалжат ауылдық округі | 3 | Қалжат ауылы | 40% |
3 | Кіші Дихан ауылдық округі | 4 | Кіші Дихан ауылы | 40% |
5 | Үлкен Дихан ауылы | 40% | ||
4 | Кетпен ауылдық округі | 6 | Кетпен ауылы | 40% |
7 | Кепебулақ ауылы | 40% | ||
5 | Дардамты ауылдық округі | 8 | Дардамты ауылы | 40% |
9 | Добын ауылы | 40% | ||
10 | Сұңқар ауылы | 40% | ||
11 | Ардолайты ауылы | 40% | ||
6 | Ақтам ауылдық округі | 12 | Ақтам ауылы | 40% |
7 | Ават ауылдық округі | 13 | Ават ауылы | 40% |
8 | Үлкен Ақсу ауылдық округі | 14 | Үлкен Ақсу ауылы | 40% |
15 | Кіші Ақсу ауылы | 40% | ||
16 | Долайты ауылы | 40% | ||
17 | Достық ауылы | 40% | ||
18 | "Тоғызбулақ" учаскесі | 40% | ||
9 | Сүмбе ауылдық округі | 19 | Сүмбе ауылы | 40% |
20 | Шошанай ауылы | 40% | ||
10 | Қырғызсай ауылдық округі | 21 | Қырғызсай ауылы | 40% |
22 | Рахат ауылы | 40% | ||
11 | Бахар ауылдық округі | 23 | Бахар ауылы | 40% |
24 | Шырын ауылы | 40% | ||
12 | Тасқарасу ауылдық округі | 25 | Тасқарасу ауылы | 40% |
13 | Шарын ауылдық округі | 26 | Шарын ауылы | 40% |
14 | Тиірмен ауылдық округі | 27 | Тиірмен ауылы | 40% |
28 | Ұзынтам ауылы | 40% |