"Өрлеу GROUP" ЖШС басшысы З.М.Каееваның өтінішін қарай келе, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер кодексінің 19 бабының 1-1 тармағына, 69 бабының 4 тармағына сәйкес, "Алматы облысы бойынша Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының Жер кадастры басқармасының жердің экспликациясы, жер учаскелерінің орналасуының келісілген ситуациялық схемасы және қоса берілген құжаттар негізінде, Қарғалы ауылдық округінің әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Өрлеу GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық округінің аумағында орналасқан, жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, жер учаскелерінің орналасу схемасында көрсетілген шекараларға сәйкес, алаңы 0,0250 га жер учаскесіне, орта қысымды газ құбырын орналастыру үшін 49 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Өрлеу GROUP "ЖШС-не жария сервитут белгіленетін жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіруді және меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен жасалатын шарттарда шығындарды өтеу жөніндегі міндеттерді және сервитутты белгілеуге байланысты өзге де талаптарды айқындауды ұсынсын.
3. Жамбыл ауданы әкімдігінің "Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешіміне қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы шешімі ресми жарияланғаннан кейін Қарғалы ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарғалы ауылдық округінің әкімі | Қ.Наметов |