"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына және "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Жамбыл ауданы Аққайнар ауылдық округі Аққайнар ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. "Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инпекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.Туматаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Н.Ертас |