БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 22 шiлдедегi № 617 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |