Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31- баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабына және 2025 жылғы 3 қыркүйектегі Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының № 3 қорытындысы негізінде Хромтау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласындағы атауы жоқ көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Мұхамбеткали Сарбасов және Хами Қаналин есімдері берілсін;
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының Хромтау ауданы әкімінің осы сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Хромтау ауданының әкімі |
Н. Тлеумұратов |
|
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы |
Э. Болатов |