Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мәртөк ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
Т. Көлкебаев |
Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі №_242 шешіміне 1 қосымша |
Мәртөк ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтарды жинақтау объектісі | Есеп бірлігі | Жылдық норма, м² |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 2,91 |
Жайлы емес үйлер | 2,77 | ||
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,49 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,58 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 1,65 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,57 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 1,23 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 4,57 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,21 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 3,45 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,41 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м² | 0,34 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,006 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м² | 0,11 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіптік дүкендер, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м² | 0,6 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м² | 0,41 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м² | 0,11 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы1 м² | 0,32 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы1 м² | 0,53 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы1 м² | 1,12 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | жалпы алаңы1 м² | 0,2 |
21 | Дәріханалар | жалпы алаңы1 м² | 0,87 |
22 | Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, АЖС | 1 машина орны | 3,78 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,41 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,45 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,9 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы1 м² | 0,93 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы1 м² | 0,23 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 1,85 |
29 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы1 м² | 0,45 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 1,15 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,41 |
Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 242 шешіміне № 2 қосымша |
Мәртөк ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есеп бірлігі | теңге | Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф 1 м3 |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 240 | 2,91 |
Жайлы емес үйлер | 2,77 |