Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 354 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 88 "Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" бірлескен қаулысы және шешімі негізінде Желтау ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Желтау ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 9 шілдедегі "Желтау селолық округі ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы" № 67 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауындағы және мәтініндегі "селолық" сөзі "ауылдық" сөзіне ауыстырылсын және жаңа редакцияда жазылсын.
2. Желтау ауылдық округі Петропавл ауылының көшелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Желтау ауылдық округінің әкімі |
А. Рзагулов |
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Желтау ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы "05" тамыздағы № 30 шешіміне қосымша |
|
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Желтау ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы "9" тамыздағы № 67 шешіміне қосымша |
Желтау ауылдық округінің Петропавл ауылы
№ 1 Жамбыл көшесі
№ 2 Абай көшесі
№ 3 И. М. Мишин көшесі
№ 4 Ю. А. Гагарин көшесі
№ 5 Жастар көшесі
№ 6 Дінмұхамед Қонаев көшесі
№ 7 Ф. Майоров көшесі
№ 8 Қ. Мұқанов көшесі
№ 9 Достық көшесі
№ 10 Еңбекшілер көшесі
№ 11 С. Сейфуллин көшесі
№ 12 Целинная көшесі
№ 13 Қарғалы көшесі
№ 14 Жеңіс көшесі
№ 15 Есет батыр көшесі