"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі нұсқасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ырғыз ауданы әкімі | Н. Қызбергенов |
| Ырғыз ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 04.11. № 239 қаулысына қосымша |
Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырымы (километр) |
1 | KD-IR-1 | Құмтоғай ауылына кіре беріс | 25,3 |
2 | KD-IR-2 | Құрылыс ауылына кіре беріс | 6,9 |
3 | KD-IR-3 | Құтикөл-Жарма-Құйлыс-Жайсаңбай | 160,0 |
4 | KD-IR-4 | Ырғыз-Нұра-Дүкен-Қостанай облысының шекарасы | 110,0 |
БАРЛЫҒЫ | 302,2 | ||