Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісінің жерүсті объектілерін салу үшін Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 512,4564 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 5 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Байғанин ауданының әкімі | А. Купенов |