"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 52 "Байғанин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 27697 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | А. Купенов |
Байғанин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 208 қаулысына қосымша |
|
Байғанин аудандық әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 52 қаулысымен бекітілді |
Байғанин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары | Орналасқан алаңы, шаршы метр | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл | Жақын арадағы инфрақұрылымды есепке алғандағы қызмет саласы (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда обьектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану обьектілері) |
1 | Ноғайты ауылы, Орталық көшесі, Ноғайты ауылдық клубының сол жағында | 150 | 5 | "Нұрай" дүкені |
2 | Жарқамыс ауылы, Орталық көшесі, № 102 "А" үйінің оң жағында | 50 | 5 | "Наурызбек" дүкені |
3 | Оймауыт ауылы, орталық стадионның сол жағында | 1500 | 5 | жоқ |
4 | Кемерши ауылы, Пошта көшесі, № 28 "А" үйіне қарама-қарсы | 150 | 5 | "Көркем", "Рахат" дүкендері |
5 | Жаңатаң ауылы, Қаратас көшесі, Жаңатаң ауылдық клубының оң жағында | 50 | 5 | "Нартай" дүкені |
6 | Бұлақтыкөл ауылы, Соркөл көшесі, № 2 үйдің сол жағында | 50 | 5 | жоқ |
7 | Алтай батыр ауылы, Бұлақ көшесі, № 30 үйдің оң жағында | 50 | 5 | "Асылтас" дүкені |
8 | Миялы ауылы, Жем-Өзені көшесі, № 17 үйдің сол жағында | 225 | 5 | жоқ |
9 | Миялы ауылы, Орталық көшесі, № 8 үйдің сол жағында | 225 | 5 | "Әлия" дүкені |
10 | Ебейті ауылы, Жеңіс көшесі, Ебейті ауылдық клубының сол жағында | 150 | 5 | жоқ |
11 | Жарлы ауылы, Ардагерлер көшесі, № 5 үйдің оң жағында | 40 | 5 | "Назерке" дүкені |
12 | Жарлы ауылы, Болат жолы көшесі, № 10 үйдің сол жағында | 48 | 5 | жоқ |
13 | Қарауылкелді ауылы, "Дәуімшар батыр" ескерткішінің арты | 400 | 5 | "Иса" дүкені |
14 | Қарауылкелді ауылы, жаңа өрт сөндіру депосы мен теміржолдың аралығы | 500 | 5 | "Асем" дүкені |
15 | Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесі, № 1 үйдің сол жағында | 2000 | 5 | жоқ |