Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алға ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Шуиншалиев |
| Алға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "05" желтоқсан № 332 қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
№ | Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымның атауы | Түрі | Күніне 1 қызмет алушыға тариф (теңге) |
1 | "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Алға ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 2437,24 |