Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 16 шешімі;
2) "Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 16 "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 27 шілдедегі № 62 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Тулеуов |