"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысынның 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе жер мониторингі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. "Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | А. Бекет |
| Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "____"______ №_____ қаулысына қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе жер мониторингі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, "Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе жер мониторингі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеудің тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекітеді.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
3. Мемлекеттік басқару органы-ережеге сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
5. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Ақтөбе қаласының жергілікті бюджетінен ынталандыру үстемелерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Ақтөбе қаласының мәслихатына жібереді.
7. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы кызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
8. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.
9. Ынталандырушы үстемеақылар төленбейді:
1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
2) тиісті лауазым санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда.
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
10. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
11. Осы қаулыда корсетілген коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар "Қазақстан Республикасы органдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазакстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы кіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 каулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне косымша төлемдер болып табылады.
12. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстеме ақылар және т.б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
13. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
14. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
15. Ақтөбе қаласының жергілікті бюджеті коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
16. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларына ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.