Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32987 тіркелген) Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 307 қаулыға қосымша |
Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері
№ | Мекеме түрлері | Күніне бір қызмет алушыға тарифі, теңге |
1 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационар жағдайында | 9171,06 |
2 | Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған стационар жағдайында | 9175,68 |
3 | Психоневрологиялық патологиялармен мүгедектігі бар балаларға арналған стационар жағдайында (үш жастан он сегіз жасқа дейін) | 21522,55 |
4 | Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған жартылай стационарлық жағдайында (бір жарым жастан он сегіз жасқа дейін) | 12866,58 |