Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 7-бабының 18-тармағына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 203 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды және атауы | Даярлау бағытының коды және атауы | 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі | Оқу жылында 1 студентті/ 1 дәрігер-резидентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) | |
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | ||||
Бакалавриат 6B10 Денсаулық сақтау | 6B101 Денсаулық сақтау | 5 | 1 230,7 | 1 218,3 | |
Резидентура 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | 7R011 Денсаулық сақтау | 45 | 1 939,9 | 1 811,3 | |
Барлығы: | 50 | - | - | ||