Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 43, 69, 118, 121-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес газ құбырын пайдалану кезеңіне "Бейнеу-Шымкент Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерді алып қоймай Байғанин, Шалқар аудандарында қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтары анықталсын және белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының күзет аймақтарында және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарында жерді пайдалану режимі белгіленсін.
3. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Байғанин, Шалқар аудандарындары әкімдігінің назарына жеткізсін.
4. Байғанин, Шалқар аудандарының әкімдігі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы | Аты-жөні |
қаулысына 1-қосымша |
"Бейнеу-Шымкент Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтары анықталып, белгіленетін жер учаскелерінің экспликациясы
№ | Нысаналы мақсаты | Жер санаты | Қауымдық сервитут белгілеу алаңы (гектар) | Күзет аймағын белгілеу алаңы, (гектар) | Ең аз қашықтық аймағының алаңы (гектар) | Жайылым (гектар) | Басқа жерлер, (гектар) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Байғанин ауданы | |||||||
1 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының желілік бөлігі мен SCADA (ТОБЖ) телекоммуникация жүйесін төсеу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу (11м х 11м) | өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | 25,6068 | - | - | - | 25,6068 |
Босалқы жерлер | 255,4729 | - | - | 255,4729 | - | ||
Жиыны: | 281,0797 | - | - | 255,4729 | 25,6068 | ||
2 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының желілік бөлігінің ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарын анықтау(300м х 300м) | өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | - | - | 104,6212 | - | 104,6212 |
Босалқы жерлер | - | - | 7227,1474 | 7227,1474 | - | ||
Жиыны: | - | - | 7331,7686 | 7227,1474 | 104,6212 | ||
Шалқар ауданы | |||||||
1 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының желілік бөлігі мен SCADA (ТОБЖ) телекоммуникация жүйесін төсеу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу (11м х 11м) | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; | 63,4868 | - | - | 63,4868 | - |
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; | 59,1352 | - | - | 59,1352 | - | ||
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | 26,0233 | - | - | - | 26,0233 | ||
Босалқы жерлер | 119,8147 | - | - | 119,8147 | - | ||
Жиыны: | 268,4600 | - | - | 242,4367 | 26,0233 | ||
2 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының желілік бөлігінің ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарын анықтау(300м х 300м) | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; | - | - | 2014,3203 | 2014,3203 | - |
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; | - | - | 1592,3801 | 1592,3801 | - | ||
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | - | - | 77,7581 | - | 77,7581 | ||
Босалқы жерлер | - | - | 2893,0915 | 2893,0915 | - | ||
Жиыны: | - | - | 6577,5500 | 6499,7919 | 77,7581 | ||
3 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының "Бозой" КС кеңейту, кірме жол, құбырларымен (газ құбырлары және шығару желілері) коммуникацияларымен (Әж, ТОБЖ, кабель желісі) газды өлшеу торабын салу және шырақ шашырату құрылғығыларының жер учаскелеріне күзет аймақтарын айналасына100 м анықтау | елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; | - | 20,2220 | - | 20,2220 | - |
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | - | 14,0512 | - | - | 14,0512 | ||
Жиыны: | - | 34,2732 | - | 20,2220 | 14,0512 | ||
4 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының "Бозой" КС кеңейтумен қоса, кірме жол, құбырларымен (газ құбырлары және шығару желілері) коммуникацияларымен (Әж, ТОБЖ, кабель желісі) газды өлшеу торабын салу және шырақ шашырату құрылғығыларының жер учаскелеріне ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарын айналасына 700 м анықтау | елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; | - | - | 315,17,61 | 315,1761 | - |
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | - | - | 66,6147 | - | 66,6147 | ||
Жиыны: | - | - | 381,7908 | 315,1761 | 66,6147 | ||
Барлығы: | 549,5397 | 34,2732 | 14291,1094 | 14560,2470 | 314,6753 |