Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 218 бұйрығы

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кадр қызметіне жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (О.С. Мырзабеков) жүктелсін.

      Министр полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

  Бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 47-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін айқындайды.

      2. Жоспардан тыс аттестаттау қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіру мәселесін шешу үшін өткізіледі.

      3. Жоспардан тыс аттестаттау:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешімі бойынша - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін;

      2) Ішкі істер министрінің орынбасары - ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖК) төрағасының шешімі бойынша - ҚАЖК аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, полиция департаментінің, Көліктегі полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД (Көліктегі ПД)) бастығының шешімі бойынша - ПД (Көліктегі ПД) аттестаттау комиссияларының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін;

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қылмыстық - атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - ҚАЖД) бастығының шешімі бойынша - ҚАЖД аттестаттау комиссияларының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін;

      5) ІІМ ведомстволық оқу орны (бұдан әрі - ВОО) бастығының шешімі бойынша - ВОО аттестаттау комиссияларының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін;

      6) ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармалары (бұдан әрі - МКҚБ) бастықтарының шешімі бойынша - МКҚБ аттестаттау комиссияларының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін;

      7) ІІМ Кинологиялық орталығы (бұдан әрі - КО) бастығының шешімі бойынша - КО аттестаттау комиссияларының отырыстарында қаралатын ызметкерлер үшін;

      8) ІІМ Әскери және арнайы жабдықтау базалары (бұдан әрі - ӘАЖБ) бастықтарының шешімі бойынша - ӘАЖБ аттестаттау комиссияларының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін;

      9) ІІМ Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі (бұдан әрі - АҚКМ) бастығының шешімі бойынша - АҚКМ аттестаттау комиссияларының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін;

      10) ІІМ "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы (бұдан әрі – "С" қызметі) командирінің шешімі бойынша – "С" қызметінің аттестаттау комиссияларының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін өткізіледі.

2-тарау. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібі, кезеңдері мен мерзімдері

      4. Жоспардан тыс аттестаттау үш жыл өткеннен кейін өткізілетін жоғары тұрған басшы лауазымға ұсынылатын қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерді жоспардан тыс аттестаттау алдыңғы аттестаттаудан (кезекті, кезектен тыс немесе жоспардан тыс) кейін алты айдан ерте емес өткізіледі.

      Бұл ретте қызметкер аттестаттау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшы лауазымға тағайындалған жағдайда, ол жоспардан тыс аттестаттаудан алты айдан кейін өтеді.

      Ішкі істер министрінің (бұдан әрі - Министр) шешімі бойынша қызмет мүддесінде алдыңғы аттестаттауды өткізу мерзіміне қарамастан жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге рұқсат етіледі.

      5. Жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері аттестаттауды өткізу мерзіміне әсер етпейді.

      6. Жоспардан тыс аттестаттаудан құқық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне қарамастан барлық қызметкерлер өтеді.

      7. Жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейтін қызметкерлер:

      1) басшы лауазымға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

      2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

      3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқандар.

      8. Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады:

      1) жоспардан тыс аттестаттау өткізуге дайындық;

      2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу;

      3) полиграфологиялық зерттеу жүргізу;

      4) қызметкермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

      5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығару.

      Егер қызметкер соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеу шеңберінде жағдайларды қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулерден өткен болса, оған жоспардан тыс аттестаттауға әңгімелесу кезеңінен бастап рұқсат етіледі.

      9. Жоспардан тыс аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысы тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

      10. Жоспардан тыс аттестаттауға дайындық мыналарды қамтиды:

      1) ІІО интернет-ресурсында жоспардан тыс аттестаттауды өткізу жоспарланғаны туралы хабарландыру;

      2) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу мерзімдері мен орнын айқындау;

      3) аттестатталатын қызметкерлерге қажетті құжаттарды дайындау.

      11. Жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне баянат береді.

      Қызметкерлердің қалыптастырылған тізімдері өзіндік қауіпсіздік қызметтеріне жіберіледі.

      Өзіндік қауіпсіздік қызметтері қызметкерлерді тексеріп, үш жұмыс күні ішінде оның нәтижелерін кадр қызметіне хабарлайды.

      12. Кадр қызметі қызметкерлердің басшы лауазымға орналасу үшін қажетті ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Қызметкерлерді тексергеннен кейін кадр қызметтері жоспардан тыс аттестаттауға жіберілген қызметкерлердің тізімін, оны өткізу мерзімдерін, психологиялық-әлеуметтанушылық және полиграфологиялық зерттеу кестелерін (қажет болған жағдайда) қалыптастырады және оларды қызметкер қызмет өткеретін құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жібереді.

      Жоспардан тыс аттестаттаудың одан әрі кезеңдеріне жіберілмеген қызметкерлерді кадр қызметтері хабардар етеді.

      13. Жоспардан тыс аттестаттауға жататын қызметкерге ол қызмет өткеретін құрылымдық бөлімшенің басшысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның қызметтік мінездемесін ресімдейді және жоспардан тыс аттестаттауға жіберілген қызметкерлердің тізімін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кадр қызметіне жіберіледі.

      14. Қызметтік мінездемеде құрылымдық бөлімшенің басшысы қызметкерді қол қою арқылы таныстыруға міндетті кәсіби, жеке қасиеттер мен қызметтік жұмысының нәтижелерін объективті және негізделген бағалау болуға тиіс.

      15. Қызметкер өзіне ұсынылған қызметтік мінездемемен өзінің келіспейтіндігі туралы мәлімдеуге және кадр қызметіне оны сипаттайтын қосымша ақпарат беруге құқылы.

      16. Қызметкердің қызметтік мінездемемен келіспей, қолда бар қосымша ақпаратпен жазбаша өтініші аттестаттау комиссиясының отырысына дейін аттестаттау комиссиясы төрағасының атына беріледі және кадр қызметіне ұсынылады.

      17. Кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын оның отырысына дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей аттестаттау комиссиясына жібереді. Осы мерзімде қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауды өткізу күні мен орны туралы хабардар етіледі.

3-тарау. Жоспардан тыс аттестаттау комиссиясы

      18. Министр, бөлімшелердің басшылары кадр қызметінің ұсынымы бойынша аттестаттау комиссиясының құрамын бекітеді, оған кемінде бес мүше кіруге тиіс. Аттестаттау комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға болмайды.

      19. Министрдің номенклатурасы, ІІМ есепке алу-бақылау номенклатурасы бойынша тағайындау және босатуды жүзеге асыратын басшы лауазымдарға ұсынуға ниет білдірген қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу үшін құрамына ІІМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіретін Министрдің жетекшілік ететін орынбасары не оның орнындағы адам басқаратын Орталық аттестаттау комиссиясы құрылады.

      20. Аумақтық бөлімшелердің басшылары тағайындауды және босатуды жүзеге асыратын басшы лауазымдарға өсуге ниет білдірген қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу үшін аумақтық бөлімше бастығының орынбасары не оның орнындағы адам жетекшілік ететін өңірлік аттестаттау комиссиялары құрылады, олардың құрамын басшылары айқындайды.

      21. Аттестаттау комиссиясының хатшысы кадр қызметінің өкілі болып табылады, ол оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

      22. Аттестаттау комиссиясының басшысы және оның мүшелері сондай немесе аттестаттауға жататын қызметкерлерге қарағанда жоғары лауазымда болуы керек.

      23. Аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттаудан өтіп жатқан қызметкерлерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кадр қызметтерінің өкілдері (не осы бөлімшелер есеп беретін адамдар), сондай-ақ құқық қорғау органының, құқық қорғау органының білім беру ұйымының немесе құқық қорғау органының мемлекеттік мекемесінің өзге де қызметкерлері кіреді.

      24. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      25. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері арасынан көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

4-тарау. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу

      26. Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатталушы қызметкермен ұсынылған материалдарды зерделеу арқылы әңгімелесу жүргізіледі.

      27. Аттестатталатын қызметкерге қойылатын сұрақтар оның кәсіби даярлық деңгейін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ аттестатталатын қызметкердің қызметтік жұмысын, құқықтық мәдениетін және азаматтармен, қарамағындағы қызметкерлермен жұмыс істеу қабілетін регламенттейтін өзге де құжаттарды білуге бағытталуы тиіс.

      28. Әңгімелесу сыпайылық пен ізгілік жағдайында өтуге тиіс.

      29. Әр қатысушымен әңгімелесу техникалық жазу құралдарының (аудио-, бейнежазба) көмегімен жазылады. Әңгімелесу барысында техникалық жазу құралдарының көмегімен жазылған материалдар кадр қызметінде бір жыл ішінде сақталады.

      30. Жоспардан тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылады;

      2) жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылмайды.

      3. Шешім қабылдау кезінде аттестаттау комиссиясы аттестатталатын қызметкердің қойылған сұрақтарға жауаптарының дұрыстығы мен толықтығын, қызметтік мінездемесін, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс нәтижелерін, психологиялық-әлеуметтанушылық және полиграфологиялық зерттеу қорытындысының нәтижелерін және бар болса өзге де ақпаратты ескереді.

      Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен келмеген қызметкерлер жоғары тұрған басшы лауазымға өсіру үшін ұсынылмайды.

      32. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағына енгізіледі.

      33. Аттестаттау комиссиясының шешімі бес жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшы қол қояды.

      34. Аттестаттау комиссиясының шешіміне қызметкер құқық қорғау органының, құқық қорғау органының білім беру ұйымының және құқық қорғау органының мемлекеттік мекемесінің басшысына немесе уәкілетті басшыға бір ай мерзімде және (немесе) сот тәртібімен шағым жасай алады.

      35. Кадр қызметі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттауға жататын қызметкердің аттестаттау парағына аттестаттау комиссиясының шешімін енгізеді. Аттестаттауға жататын қызметкер шешіммен ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қойғызып танысады.

      36. Аттестаттаудан өткен қызметкердің аттестаттау парағы, оның баянаты және қызметтік мінездемесі жеке ісінде сақталады.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      37. ІІМ Кадр қызметі жоспардан тыс аттестаттау жөніндегі жұмысты кемінде үш жылда бір рет талдайды және бұл туралы Министрге баяндайды.

      38. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу үшін жауапкершілік органның басшысына және кадр бөлімшесіне жүктеледі.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін жоспардан
тыс аттестаттауды өткізу тәртібі,
кезеңдері мен мерзімдері
қағидаларына
1-ҚОСЫМША
нысан
  _________________________
(басшысының қызметі Т.А.Ж.)
__________________________
___________________________
(Т.А.Ж.)
_________________________
(лауазымы, сыныптық шені)

БАЯНАТ

      Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын.

  ____________________
  (Т.А.Ж., қолы)
Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін жоспардан тыс
аттестаттауды өткізу тәртібі,
кезеңдері мен мерзімдері
қағидаларына
2-ҚОСЫМША
Нысан

Жоспардан тыс аттестатталуға тиіс қызметкерге берілетін қызметтік мінездеменің ҮЛГІЛІК НЫСАНЫ (қызметкердің тікелей басшысы толтырады)

      Қызметкердің Т.А.Ж. _________________________________________________

      Лауазымы ___________________________________________________________

      Тағайындалған күні ___________________________________________________

      Сыныптық шені, әскери атағы___________________________________________

      1. Лауазымдық міндеттерін орындауы (шешілуіне қызметкер қатысқан негізгі мәселелердің тізбесі беріледі; қызметтік міндеттерін тиімді және адал орындауы, шығармашылық бастамашылығы, азаматтармен жұмыс істеуі бағаланады және т.б.).

      2. Ішкі істер органдарының қызметі аясында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіби білімін, сондай-ақ қызметтік міндеттеріне кіретін болса, коммуникациялық және ақпараттық технологияларды қолдануы (стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіби білімі, коммуникациялық және ақпараттық технологияларды білу деңгейі, оларды жұмыста қолдануы сипатталады және т.б.).

      3. Заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін, сондай-ақ мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауы (тәртіптік жазалары туралы, заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін, сондай-ақ мемлекеттік және еңбек тәртібін, ішкі қызмет тәртібін сақтауы туралы мәліметтер көрсетіледі және т.б.).

      4. Жеке басының қасиеттері (қызметкердің жеке басының қасиеттері сипатталады: тіл табысқыштығы, азаматтармен жұмыс істей білуі, өзін-өзі жетілдіру қабілеті, көшбасшылығы және т.б.).

      5. Өзге мәліметтер *

      Лауазымы (сыныптық шені) _____________________Басшының Т.А.Ж.

      Күні 20__ жылғы "____"__________

      Таныстым: лауазымы, сыныптық шені (әскери атағы)

      __________аттестатталушының Т.А.Ж.

      * Қызметтік мінездемеге құқық қорғау органдарының ерекшелігіне байланысты толықтырулар енгізілуі мүмкін.

  Ішкі істер органдарының
қызметкерлерін жоспардан тыс
аттестаттауды өткізу тәртібі,
кезеңдері мен мерзімдері
қағидаларына
3-ҚОСЫМША
  нысан

Дауыс беру парағы

______________________________________ (аттестаттау комиссиясы мүшесінің Т.А.Ж.)

Жоспардан тыс аттестаттауға жататын адамның сыныптық шені, әскери атағы, Т.А.Ж., лауазымы

Аттестаттау комиссиясының қорытындысы мен ұсынымдары

Қолы



жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылады


жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылмайды


  Ішкі істер органдарының
  қызметкерлерін жоспардан тыс
аттестаттауды өткізу тәртібі,
кезеңдері мен мерзімдері
қағидаларына
4-ҚОСЫМША
  нысан

Жоспардан тыс аттестатталуға тиіс қызметкердің аттестаттау парағы

      1. Т.А.Ж. ___________________________________________________________

      2. Аттестаттау кезінде атқаратын лауазымы ______________________________

      3. сыныптық шені немесе әскери атағы__________________________________

      4. Аттестаттау комиссиясының шешімі _________________________________

      5. Өзге мәліметтер* _________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы __________________________________ (Т.А.Ж. және қолы)

      Аттестаттау өткізілген күн 20__ж. "__"__________________________________

      Аттестаттау парағымен таныстым ______________________________________ (қызметкердің қолы және күні)

      МО

      *Аттестаттау парағына құқық қорғау органдарының ерекшелігіне байланысты толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Об утверждении Правил проведения внеплановой аттестации сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 марта 2025 года № 218

      В соответствии со статьей 47-2 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения внеплановой аттестации сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан.

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего кадровую службу заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан и Департамент кадровой политики Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Мырзабеков О.С.).

      Министр
генерал-лейтенант полиции
Е. Саденов

  Приложение к приказу

Правила проведения внеплановой аттестации для сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения внеплановой аттестации для сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан (далее - Правила), разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 47-2 Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" (далее - Закон) и определяют порядок, этапы и сроки проведения внеплановой аттестации для сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан(далее -ОВД).

      2. Внеплановая аттестация проводится для решения вопроса выдвижения сотрудника на вышестоящую руководящую должность.

      3. Внеплановая аттестация проводится по решению:

      1) Министра внутренних дел Республики Казахстан - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационной комиссии Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - МВД);

      2) заместителя министра внутренних дел - председатель Комитета уголовно-исполнительной системы МВД (далее - КУИС) - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационной комиссии КУИС;

      3) начальника Департамента полиции области, города республиканского значения, столицы, на транспорте (далее - ДП (Т)) - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационных комиссий ДП(Т);

      4) начальника Департамента уголовно-исполнительной системы области, города республиканского значения, столицы (далее - ДУИС) - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационных комиссий ДУИС;

      5) начальника ведомственного учебного заведения МВД (далее - УЗ) - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационных комиссий УЗ;

      6) начальников Управлений специализированной службы охраны МВД (далее – УССО) - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационных комиссий УССО;

      7) начальника Кинологического центра МВД (далее - КЦ) - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационных комиссий КЦ;

      8) начальников Баз военного и специального снабжения МВД (далее - БВСС) - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационных комиссий БВСС;

      9) начальника Учреждения автотранспортного обслуживания МВД (далее - УАО) - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационных комиссий УАО;

      10) командира Отряда специального назначения "Сункар" МВД (далее - служба "С") - для сотрудников, рассматриваемых на заседаниях аттестационных комиссий службы "С".

Глава 2. Порядок, этапы и сроки проведения внеплановой аттестации

      4. Внеплановая аттестация сотрудника проводится не ранее, чем через шесть месяцев после предыдущей аттестации (очередной, внеочередной или внеплановой), за исключением сотрудников, рекомендованных к выдвижению на вышестоящую руководящую должность, в их случае внеплановая аттестация проводится по истечении трех лет.

      При этом в случае назначения сотрудника на вышестоящую руководящую должность по итогам аттестации, он проходит внеплановую аттестацию не ранее, чем через шесть месяцев.

      В интересах службы по решению Министра внутренних дел (далее - Министр) допускается проведение внеплановой аттестации вне зависимости от срока проведения предыдущей аттестации.

      5. Результаты внеплановой аттестации не влияют на сроки проведения аттестации.

      6. Внеплановую аттестацию проходят все сотрудники, вне зависимости от стажа службы в правоохранительных органах.

      7. Не допускаются к внеплановой аттестации сотрудники:

      1) не соответствующие минимальным квалификационным требованиям, предъявляемым к руководящей должности;

      2) имеющие действующие дисциплинарные взыскания;

      3) в отношении которых проводится служебное либо досудебное расследование.

      8. Внеплановая аттестация включает в себя ряд последовательных этапов:

      1) подготовка к проведению внеплановой аттестации;

      2) проведение психолого-социологического исследования сотрудника.

      3) проведение полиграфологического исследования;

      4) собеседование с сотрудником, проводимое аттестационной комиссией;

      5) вынесение решения аттестационной комиссии.

      Если в течение последних трех лет сотрудник проходил полиграфологическое (за исключением случаев в рамках служебных расследований) и психолого-социологическое исследования, он допускается к внеплановой аттестации с этапа собеседования.

      9. Заседание комиссии по внеплановой аттестации проводится не реже одного раза в квартал.

      10. Подготовка к внеплановой аттестации включает в себя:

      1) объявление о планируемом проведении внеплановой аттестации на интернет-ресурсе ОВД;

      2) определение сроков и места проведения внеплановой аттестации;

      3) подготовку необходимых документов на аттестуемых сотрудников.

      11. Сотрудники, изъявившие желание пройти внеплановую аттестацию подают рапорт в кадровую службу не позднее пяти рабочих дней с момента публикации объявления, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Сформированные списки сотрудников направляются в службы собственной безопасности.

      Службы собственной безопасности проводят проверку сотрудников и в течение трех рабочих дней сообщают ее результаты в кадровые службы.

      12. Кадровая служба проводит проверку сотрудников на соответствие минимальным квалификационным требованиям необходимым для замещения руководящей должности.

      После проверки сотрудников кадровые службы формируют списки сотрудников, допущенных к внеплановой аттестации, сроки ее проведения, графики психолого-социологического и полиграфологического исследования (при необходимости) и направляют их руководителям структурных подразделений, в которых сотрудник проходит службу.

      Сотрудники, не допущенные к дальнейшим этапам внеплановой аттестации уведомляются кадровыми службами.

      13. На сотрудника, подлежащего внеплановой аттестации, руководителем структурного подразделения, в котором он проходит службу, оформляется его служебная характеристика по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам и направляется в кадровую службу в течение пяти рабочих дней после получения списка сотрудников, допущенных к внеплановой аттестации.

      14. Служебная характеристика должна содержать объективную и обоснованную оценку профессиональных, личностных качеств и результатов служебной деятельности, с которой руководитель структурного подразделения обязан ознакомить сотрудника под роспись.

      15. Сотрудник вправе заявить о своем несогласии с представленной на него служебной характеристикой и предоставить в кадровую службу дополнительную информацию, характеризующую его.

      16. Письменное заявление сотрудника о несогласии со служебной характеристикой с имеющейся дополнительной информацией подается на имя председателя аттестационной комиссии и представляется в кадровую службу до заседания аттестационной комиссии.

      17. Кадровая служба направляет собранные аттестационные материалы в аттестационную комиссию в срок не позднее, чем за три рабочих дня до ее заседания. В этот же срок уведомляются сотрудники о дате и месте проведения внеплановой аттестации.

Глава 3. Внеплановая аттестационная комиссия

      18. Министр, руководители подразделений по представлению кадровой службы утверждают состав аттестационной комиссии, в которой должно входить не менее пяти членов. Замещение отсутствующих членов аттестационной комиссии не допускается.

      19. Для проведения внеплановой аттестации сотрудников, изъявивших желание для выдвижения на руководящие должности, назначение и освобождение которых осуществляется по номенклатуре Министра, учетно-контрольной номенклатуре МВД создается Центральная аттестационная комиссия, возглавляемая курирующим заместителем Министра либо лицом, его замещающим, в состав которой входят руководители структурных подразделений МВД.

      20. Для проведения внеплановой аттестации сотрудников, изъявивших желание для выдвижения на руководящие должности, назначение и освобождение которых осуществляется руководителями территориальных подразделений, создается региональная аттестационная комиссия, возглавляемая курирующим заместителем начальника территориального подразделения, либо лицом его замещающим, состав которой определяется их руководителями.

      21. Секретарем аттестационной комиссии является представитель кадровой службы, который осуществляет организационное обеспечение ее работы и не вправе принимать участие в голосовании.

      22. Руководитель аттестационной комиссии и ее члены должны занимать такую же или более высокую должность, чем сотрудники, подлежащие аттестации.

      23. В состав аттестационной комиссии включаются руководители структурных подразделений, представители кадровых служб (либо лица, которым подотчетны данные подразделения), а также иные сотрудники правоохранительного органа, организации образования правоохранительного органа или государственного учреждения правоохранительного органа, за исключением сотрудников, проходящих аттестацию.

      24. Заседание аттестационной комиссии считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей ее состава.

      25. Решение аттестационной комиссии принимается открытым голосованием и считается принятым, если за него подано большинство голосов из числа присутствовавших на заседании членов аттестационной комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель аттестационной комиссии.

Глава 4. Проведение внеплановой аттестации

      26. На заседании аттестационной комиссии проводится собеседование с аттестуемым сотрудником, где его заслушивают с изучением представленных материалов.

      27. Вопросы, задаваемые аттестуемому сотруднику, должны быть направлены на определение уровня его профессиональной подготовки, знания стратегических и программных документов, а также иных документов, регламентирующих служебную деятельность аттестуемого сотрудника, правовой культуры и способности работать с гражданами, с подчиненными сотрудниками.

      28. Собеседование должно проходить в обстановке корректности и доброжелательности.

      29. Собеседование с каждым участником фиксируется с помощью технических средств записи (аудио-, видеозапись). Материалы, зафиксированные в ходе собеседования с помощью технических средств записи, хранятся в кадровой службе в течение одного года.

      30. По итогам внеплановой аттестации аттестационная комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) рекомендуется для выдвижения на вышестоящую руководящую должность;

      2) не рекомендуется для выдвижения на вышестоящую руководящую должность.

      31. При принятии решения аттестационная комиссия учитывает правильность и полноту ответов аттестуемого сотрудника на заданные вопросы, служебную характеристику, результаты работы по занимаемой должности, результаты заключения психолого-социологического и полиграфологического исследования и при наличии иную информацию.

      Сотрудники, не явившиеся на заседание аттестационной комиссии без уважительной причины, не рекомендуются для выдвижения на вышестоящую руководящую должность.

      32. Решение членов аттестационной комиссии заносится в Лист голосования по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      33. Решение аттестационной комиссии в течение пяти рабочих дней оформляется протоколом, который подписывается членами аттестационной комиссии, присутствовавшими на ее заседании, и секретарем.

      34. Решение аттестационной комиссии может быть обжаловано сотрудником руководителю правоохранительного органа, организации образования правоохранительного органа и государственного учреждения правоохранительного органа или уполномоченному руководителю в месячный срок и (или)в судебном порядке.

      35. Кадровая служба заносит решение аттестационной комиссии в Аттестационный лист сотрудника, подлежащего аттестации по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам. Сотрудник, подлежащий аттестации, знакомится с решением под роспись в течение пяти рабочих дней со дня его принятия.

      36. Аттестационный лист сотрудника, прошедшего аттестацию, его рапорт и служебная характеристика хранятся в личном деле.

Глава 5. Заключительные положения

      37. Кадровая служба МВД анализирует работу по внеплановой аттестации не реже одного раза в три года и докладывает об этом Министру.

      38. Ответственность за проведение внеплановой аттестации возлагается на руководителя и кадровое подразделение органа.

  Приложение 1
к Правилам порядка, этапов и
сроков проведения внеплановой
аттестации для сотрудников
органов внутренних дел
  форма
  _________________________
(Ф.И.О. руководителя,
должность
__________________________
от _______________________
(Ф.И.О.)
_________________________
(должность, классный чин)

РАПОРТ

      Прошу допустить меня к внеплановой аттестации для рассмотрения моей кандидатуры на вышестоящую руководящую должность.

  ________________________
(Ф.И.О., подпись)
  Приложение 2
к Правилам порядка, этапов и
сроков проведения внеплановой
аттестации для сотрудников
органов внутренних дел
  форма

ТИПОВАЯ ФОРМА
служебной характеристики сотрудника, подлежащего внеплановой аттестации (заполняется непосредственным руководителем сотрудника)

      Ф. И. О. сотрудника ___________________________________________________

      Должность ___________________________________________________________

      Дата назначения ______________________________________________________

      классный чин, воинское звание __________________________________________

      1. Исполнение должностных обязанностей (приводится перечень основных вопросов, в решении которых принимал участие сотрудник; оценивается эффективность и добросовестность исполнения служебных обязанностей, творческая инициатива, работа с гражданами и др.).

      2. Знание стратегических и программных документов в сфере деятельности органа внутренних дел, применение профессиональных знаний, а также, если это входит в должностные обязанности, применение коммуникационных и информационных технологий (характеризуются знания стратегических и программных документов, уровень профессиональных знаний, знаний коммуникационных и информационных технологий, применение их в работе и др.).

      3. Соблюдение законности, в том числе антикоррупционного законодательства, Этического кодекса сотрудников правоохранительных органов, органов гражданского защиты и государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан, а также государственной и трудовой дисциплины (указываются сведения о дисциплинарных взысканиях, соблюдении законности, в том числе антикоррупционного законодательства, Этического кодекса сотрудников правоохранительных органов, органов гражданской защиты и государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан, а также государственной и трудовой дисциплины, внутреннего служебного распорядка и др.).

      4. Личностные качества (характеризуются личностные качества сотрудника: коммуникабельность, способность работать с гражданами, способность к самосовершенствованию, лидерство и др.).

      5. Иные сведения*

      Должность, (классный чин) ___________________________________Ф. И. О. руководителя

      Дата "___" ___________________ 20___ года

      Ознакомлен: должность, классный чин (воинское звание) _________Ф. И. О. аттестуемого.

      * В служебную характеристику могут быть включены дополнения с учетом специфики правоохранительных органов

  Приложение 3
к Правилам порядка, этапов и
сроков проведения внеплановой
аттестации для сотрудников
органов внутренних дел
  форма

Лист голосования
________________________________________________________
(Ф.И.О. члена аттестационной комиссии)

Классный чин, воинское звание, Ф.И.О., должность лица, подлежащего внеплановой аттестации

Выводы и рекомендации аттестационной комиссии

Подпись



рекомендуется для выдвижения на вышестоящую руководящую должность


не рекомендуется для выдвижения на вышестоящую руководящую должность


  Приложение 4
к Правилам порядка, этапов и
сроков проведения внеплановой
аттестации для сотрудников
органов внутренних дел
  форма

Аттестационный лист сотрудника, подлежащего внеплановой аттестации

      1. Ф.И.О.__________________________________________________________

      2. Занимаемая должность на момент аттестации_________________________

      3. классный чин или воинское звание __________________________________

      4. Решение аттестационной комиссии__________________________________

      5. Иные сведения*__________________________________________________

      Секретарь аттестационной комиссии___________________________________
                                          (Ф.И.О. и подпись)

      Дата проведения аттестации "_____" ________________________20_____г.

      С аттестационным листом ознакомлен__________________________________
                                    (подпись сотрудника и дата)

      МП

      ____________________________________________________________________

      * В аттестационный лист могут быть включены дополнения с учетом специфики правоохранительных органов