Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеме мөлшерін Қосшы қаласында 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы | Ә.Қуатбеков |