Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2 тармағымен.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеменің мөлшері Бурабай ауданының аумағында 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы | М.Нұрпанова |