Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, ҚР "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және "Арнаулы қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығының негізінде, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тариф осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Ақмола облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық банкіне ресми жариялауға электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшірмесін енгізсін.
2) Осы қаулының Целиноград ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. А. Нұртазинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Д.Сабырғали |
| 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № А-12/349 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
1 көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№ |
Мекеме | Көрсетілетін қызметті алушының түрлері | Күніне 1 көрсетілетін қызметті алушыға тариф(теңге) | |
Кіші түрі | Көрсетілетін қызметті алушының жағдайы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | жартылай стационар жағдайында | 11 429,22 | ||