Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біржан сал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Біржан сал ауданы мәслихатының төрағасы | Н.Қуатова |
| Біржан сал ауданы мәслихатының 2025 жылғы "28" қарашада № С-28/6 шешіміне қосымша |
Біржан сал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Нормасы, жылына 1 есептік бірлік куб метрге |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 0,90 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,86 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,67 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,63 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,29 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,60 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0009 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек -орын | 0,78 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,10 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,33 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,13 |
11 | Спорттық, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1м² | 0,05 |
12 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1м² | 0,21 |
13 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
14 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м² | 0,21 |
15 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,56 |
16 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,35 |
17 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,56 |
18 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1м² | 0,30 |
19 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1м² | 0,13 |
20 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1м² | 0,33 |