Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы | Қ.Шынтеміров |
| Егіндікөл аудандақ мәслихатының 2025 жылғы 12 қыркүйек № 8С33-4 шешіміне қосымша |
Егіндікөл ауданыны бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Үйлер: жайлы | 1 тұрғын | 1,86 |
Жайлы емес | 1,88 | ||
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,83 |
3 | Қонақ үйлер, демалыс үйлері | 1 орын | - |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,48 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,54 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,008 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,82 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,36 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратынорын | 0,60 |
10 | Концерт залдары, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратынорын | 0,4 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,04 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,42 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | - |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,41 |
19 | автовокзал | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,54 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,61 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,66 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 3,05 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,56 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмысорны | 0,06 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
30 | Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,45 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |