Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аршалы ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тариф бекітілсін.
2. "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары А.Б.Бекбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Д.Есжанов |
| Аршалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсан № А-12/274 қаулысымен бекітілген |
Аршалы ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тариф
№ | Қызмет түрлері | Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге |
1 | Үйде қызмет көрсету | 3049,56 |