Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданының, Қарасай ауылдық округі әкімшілік шекарасында орналасқан, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 2099,9 гектар жер учаскесін "БАЙКЕН ГОЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 2031 жылғы 4 қыркүйекке дейінгі мерзімге пайдалы қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "БАЙКЕН ГОЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану (қауымдық сервитут) жөнінде келісім-шарт жасассын.
3. "БАЙКЕН ГОЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.
4. "БАЙКЕН ГОЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.
5. "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі.
| Ақкөл ауданының әкімі | Б.Әбдірахманов |
| Ақкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қазандағы № А-10/207 қаулысына 1 қосымша |
"БАЙКЕН ГОЛД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ р/с | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар | Оның ішінде | ||
ауыл шаруашылығы алқаптары | Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар | |||||
жайылымдар, гектар | егістік, гектар | |||||
1 | Кульжазира Сарсекеевна Сандыбаева | 01-001-025-031 | 2000 | 213,7 | ||
2 | Бауыржан Ержанович Асанов | 01-001-017-096 | 2000 | 105,6 | ||
3 | "Бавария KZ" ЖШС | 01-001-017-141 | 300 | 12,3 | ||
4 | Серик Ержанович Асанов | 01-001-017-146 | 860 | 614,8 | ||
5 | Серик Ержанович Асанов | 01-001-017-127 | 500 | 229 | ||
6 | Райгуль Махметовна Бахтыгалиева | 01-001-017-197 | 968 | 219,8 | ||
7 | "Бавария KZ" ЖШС | 01-001-017-164 | 650 | 53 | ||
8 | Агабай Аменович Абдрахманов | 01-001-017-136 | 1000 | 19,3 | ||
9 | "Кокдомбак Кз" ЖШС | 01-001-017-189 | 471,5 | 218,7 | ||
10 | "Асет-МИ" ЖШС | 01-001-025-010 | 854 | 5,7 | ||
11 | Кульжазира Сарсекеевна Сандыбаева | 01-001-025-032 | 350 | 123,1 | ||
12 | Ақкөл ауданының босалқы жерлері | 284,9 | 160,3 | 124,6 | ||
Жиыны | 2099,9 | |||||