"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № а-11/525 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 149296 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Степногорск қаласының әкімі | Г.Қасенов |