Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдетілген декларация негізінде 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап арнайы салық режимі бойынша қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеменің мөлшері Степногорск қаласында және оған іргелес елді мекендерде 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қалалық мәслихаттың төрағасы | О.Джагпаров |