Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Степногорск каласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № а-3/144 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5318 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласы әкімі | Г.Қасенов |