Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 3-тармағымен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығының 1-тараудың 4-тармағына сәйкес "Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде №20284 болып тіркелген) қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қаласы бойынша 2026 жылы кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 1 шаршы метр үшін 1 айға 72,23 теңге мөлшерінде бекітілсін, бұл 2026 жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 1.67% құрайды.
2. Арттыру коэффициенті міндетті түрде кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ғимараттардың сыныбына, қабаттылығына және пайдалану мерзіміне байланысты кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау жөніндегі шығыстардың бекітілген ең төменгі мөлшеріне қолданылуы тиіс.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы | Д.Әкімов |