"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемелекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 8 және 9 тармақтарына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандырына, Красный Яр ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету мөлшері:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
2. Басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы | Д.Әкімов |