Көкшетау қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № С-26/3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33110 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д.Әкімов

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2025 год по городу Кокшетау

Решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 28 ноября 2025 года № С-26/3

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 декабря 2023 года №347 "О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года №181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №33110), маслихат города Кокшетау РЕШИЛ:

      1. Утвердить на 2025 год для города Кокшетау ставку туристского взноса для иностранцев в размере 0 (ноль) процентов от стоимости проживания в местах размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов и арендуемого жилья.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата города Кокшетау Д. Акимов