"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2 бабының 10-33) тармақшасына, 10-8 бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабының 6 тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 1 параграфының 4 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 "Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы | Д.Әкімов |
| Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 шешіміне 1 қосымша |
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1. 1 (бір) миллион теңге мемлекеттік қолдау шарасы ретінде.
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне.
2. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне.
3. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне.
4. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға.
5. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға.
6. Жесір әйелдер (тұл ер адамдар).
7. "Алтын алқа, “Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға.
8. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
| Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 шешіміне 2 қосымша |
Көкшетау қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 "Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 тіркелген).