"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 1200 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер, ұландар, кадеттер, оқу-жаттығу жиындары мен әскери-оқу практикасы кезеңінде әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері, әскери оқу орындарына түсу кезінде әскерге шақырылушылар, оқуға түсу емтихандарын тапсыруға келген және әскери колледждерде казармалық жағдайда болатын кандидаттар, сондай-ақ резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер (бұдан әрі – жабдықталымдағы адамдар) үшін тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін мынадай жағдайда айқындайды:";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төрт рет тамақтану жоспарланатын авиациялық бөлімдерді, әскери-медициналық мекемелерді және әскери колледждерді қоспағанда, әскери бөлімдерде ыстық тамақ тәулігіне үш рет таңғы асқа, түскі асқа және кешкі асқа дайындалып, беріледі.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Әскери колледжде тамақтандыру оқу жоспарына, әскери колледж бастығы бекіткен күн тәртібіне сәйкес және оқушылардың қалауын ескеріп, төрт рет ұйымдастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларды орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2025 жылғы 16 қыркүйектен ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация
генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 "Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 сентября 2025 года № 1200

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 5.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 4 августа 2017 года № 414 "Об утверждении Правил организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15669), следующие изменения:

      в Правилах организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан (далее – Правила) определяют порядок организации питания в Вооруженных Силах Республики Казахстан для военнослужащих, уланов, кадетов, студентов военных кафедр (военных факультетов) в период учебных сборов и военно-учебной практики; призывников при поступлении в военные учебные заведения; кандидатов, прибывших для сдачи вступительных экзаменов и находящихся на казарменном положении в военных колледжах, а также для военнослужащих, проходящих воинскую службу в резерве (далее – довольствующиеся), в следующих случаях:";

      часть вторую пункта 57 изложить в следующей редакции:

      "В воинских частях, горячая пища готовится и выдается три раза в сутки на завтрак, обед и ужин, за исключением авиационных частей, военно-медицинских учреждений, и военных колледжей, в которых планируется четыре приема пищи.";

      пункт 75 изложить в следующей редакции:

      "75. В военных колледжах питание организуется четырехразовое в соответствии с учебным планом, утвержденным распорядком дня начальника колледжа и с учетом пожеланий учащихся.".

      2. Управлению начальника Тыла Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан в электронном виде в течение пяти рабочих дней со дня его подписания на казахском и русском языках в соответствии с требованиями пункта 10 Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 472 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33059);

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней после дня первого официального опубликования настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования, но не ранее 16 сентября 2025 года.

      Министр обороны Республики Казахстан
генерал-лейтенант авиации
Д. Косанов