БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларында:
2-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ақпараттық жүйеде тұрғынжайды автоматты түрде бөлу болмаған кезде тұрғынжайды бөлу жоғары әскери оқу орындарында оқитын шет мемлекеттердің әскери қызметшілерін қоспағанда, кезектілік тізіміне сәйкес жүргізіледі.";
осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Қосанов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 21 тамыздағы № 1166 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
БЕКІТЕМІН | |
ҚР ҚК ____ гарнизонының бастығы (атауы) |
|
____________________________ | |
(әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалы) |
________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясы отырысының (атауы)
№_____ ХАТТАМАСЫ
20__ жылғы "___" _________ _______________ қ
(күні, айы, жылы) (қала атауы)
___________гарнизонының тұрғын үй комиссиясы _______________гарнизоны
(атауы) (атауы)
бастығының 20_ жылғы "_" ________ № ___ бұйрығына сәйкес мынадай құрамда:
(күні, айы, жылы) (бұйрықтың нөмірі)
1)______________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының төрағасы – _____
(атауы)
______________________________________
(әскери атағы, тегі және инициалы) _______ гарнизоны бастығының тәрбие және
әлеуметтік-құқықтық (атауы) жұмыс жөніндегі орынбасары;
2) ____________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары –
(атауы)
____________________, __________________________________
(атауы) (әскери атағы, тегі және инициалы)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аудандық пайдалану бөлімінің бастығы;
тұрғын үй комиссиясының мүшелері:
3)___________________, _____________ гарнизоны бастығының құқықтық
(әскери атағы, тегі және инициалы) (атауы) жұмыс жөніндегі көмекшісі;
4) ______________________________, _____________ әскери бөлімінің
(әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы)
командирі;
5) __________, ____________гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас
(әскери атағы, тегі және инициалы) (атауы)
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі офицері;
6) ___________________________________, ___________________ қаржы
(әскери атағы, тегі және инициалы) (атауы)
қызметінің бастығы;
7) __________________________________, ______________________ кадр
(әскери атағы, тегі және инициалы) (атауы)
қызметінің бастығы;
_________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының хатшысы –
(атауы)
___________________________, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
(әскери атағы, тегі және инициалы)
______________ аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімі (бөлімшесі).
(атауы)
Мынадай күн тәртібімен тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізді:
1) тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізіміне сәйкес _______________
(атауы)
гарнизонының тұрғын үй қорын бөлу;
Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізімін қарап, шешім қабылдады:
Р /с | Әскери атағы (бар болса) Т.А.Ә. (бар болса) | Қызмет (жұмыс) орны | ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы | Отбасы құрамы | Ұсынылып отырған тұрғынжайдың мекенжайы (бөлме саны, жалпы ауданы) | Ескертпе |
Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
Ерекше пікір: ___________________________________________________________
(болған жағдайда)
"Қарсы емес" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.
"Қарсы емес" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.
2) әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқаруына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың ______________гарнизонында қызметтік (атауы)
тұрғынжайды алмастыруды жүзеге асыру үшін түскен өтініштерін қарау.
Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың өтініштерін қарап, шешім қабылдады:
Р /с № | Әскери атағы (бар болса) Т.А.Ә. (бар болса) | Қызмет (жұмыс) орны | ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы | Отбасы құрамы | Қызметтік тұрғынжайда нақты тұратын мекенжайы (бөлме саны, жалпы ауданы) | Ұсынылып отырған тұрғынжайдың мекенжайы (бөлме саны, жалпы ауданы) |
Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
Ерекше пікір: _________________________________________________________
(болған жағдайда)
"Қарсы емес" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді
3) әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың тұрғынжайды жекешелендіруге баянаттарын (өтініштерін) қарау.
Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың баянаттарын (өтініштерін) қарап, шешім қабылдады:
Р /с № | Тұрғынжайдың мекенжайы (бөлме саны, жалпы ауданы) | Әскери атағы (бар болса) Т.А.Ә. (бар болса) | Жекешелендіру түрі | Отбасы құрамы, күнтізбелік есептеумен еңбек сіңірген жылдары (еңбек өтілі) | Қабылданған шешім |
Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.
Ерекше пікір: ___________________________________________________________
(бар болса)
"Қарсы емес" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.
Тұрғын үй комиссиясының төрағасы:
әскери атағы қолтаңбасы Т.А.Ә. (бар болса)
Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары:
әскери атағы қолтаңбасы Т.А.Ә. (бар болса)
Комиссия мүшелері:
әскери атағы қолтаңбасы Т.А.Ә. (бар болса)
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы
әскери атағы қолтаңбасы Т.А.Ә. (бар болса)