"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушылармен қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын проактивті нысанда бұзу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 530 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 210/НҚ бірлескен бұйрығы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы пилоттық жобасы (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығарғанда пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және ұйымдар пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін және өзінің ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларына, 54-бабы 3-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес:

      1) ақпарат қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне оң нәтижесі бар сынау актісінің/хаттамасының болуын;

      2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің ақпарат қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыс шартының болуын;

      3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікті ақпарат қауіпсіздігі жедел орталығының (бұдан әрі – АҚЖО) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, АҚЖО-ның болуын және оның жұмыс істеуін немесе үшінші тұлғалардан АҚЖО-ның көрсетілетін қызметін сатып алуды;

      4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және жетекшілік ететін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы бірлескен бұйрықты өздерінің мүдделі ведомстволық бағынысты ұйымдарына жеткізсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі генерал-полковник
_________Р. Жақсылықов
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
_________Ж. Мәдиев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 6 мамырдағы
№ 530
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2025 жылғы 12 мамырдағы
№ 210/НҚ бірлескен
бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушылармен қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын проактивті нысанда бұзу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алгоритм "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушылармен қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын проактивті нысанда бұзу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын айқындайды.

      2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) "АХАЖ" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) – Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал актілерін белгілі бір оқиға (туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және тегін, атын, әкесінің атын өзгерту) бойынша тіркеу үшін арналған, бұл ретте жеке тұлғалардың тууы мен қайтыс болуы туралы мәліметтер жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіне беріледі;

      2)"ЖМБМК" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ЖМБМК" АЖ) – жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастр мәліметтерін қамтитын "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі;

      3) ЖР АЖ ИШ ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖР АЖ ИШ) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Жұмылдыру ресурсы автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзі" ақпараттық жүйесі;

      4) "ЖТ МДҚ" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ЖТ МДҚ" АЖ) – жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      5) "Қазтізілім" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Қазтізілім" АЖ) – негізгі мақсаты үлестік қатысу туралы шарттарды (ҮҚШ) және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы шарттарды орталықтандырылған есепке алу болып табылатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      6) "Мемлекеттік тізілім" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Мемлекеттік тізілім" АЖ) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің "Мемлекеттік мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      7) "Smart Data Ukimet" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – SDU) – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған ақпараттық жүйе. Деректерге негізделген тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін мемлекеттік органдарға талдамалық ақпарат береді.

      Алгоритмде қолданылатын барлық өзге де термин "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.

      3. Жобаға қатысушылар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың шарттарын сақтайды.

2-тарау. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушылармен қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын проактивті нысанда бұзу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      4. SDU көрсетілетін қызметті алушылардың дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісімі шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1141 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде ЖР АЖ ИШ-дан алынған мәліметтер негізінде қызмет көрсету үшін қолданыстағы шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік тұрғын үй қорында тұратын адамдардың тізімін сегменттейді және қалыптастырады.

      5. SDU Алгоритмнің 4-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты "АХАЖ" АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының некеде тұруын немесе тұрмауын және балаларының болуын немесе болмауын тексереді.

      6. SDU Алгоритмнің 5-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты "Мемлекеттік тізілім" АЖ-да тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттың болуын тексереді. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт алынбағанда адамдар тізімі келесі тексеруге жатады.

      7. SDU Алгоритмнің 6-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты "Қазтізілім" АЖ-да тұрғын үй салуға үлестік қатысу туралы шарттың болуын тексереді. Тұрғын үй салуға үлестік қатысу туралы шарт болмағанда адамдар тізімі келесі тексеруге жатады.

      8. SDU Алгоритмнің 7-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты ЖР АЖ ИШ-да, егер көрсетілетін қызметті алушыға тұрғынжай берілсе, бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжайдың болуын тексереді. Бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжай болмағанда адамдар тізімі келесі тексеруге жатады.

      9. SDU Алгоритмнің 8-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушылар мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) қатысты "ЖМБМК" АЖ-да көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде мемлекеттік тұрғынжай қорынан тұрақты пайдалануда тұрғынжайдың болуын немесе болмауын тексереді.

      10. SDU Алгоритмнің 9-тармағының нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты "ЖТ МДҚ" АЖ-да және "АХАЖ" АЖ-да мынадай өлшемшартқа тексеру жүргізеді:

      1) көрсетілетін қызметті алушының не оның отбасы мүшесінің (бар болса) хабар-ошарсыз кетті деп танылмауы немесе қайтыс болды деп жариялануы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатыны;

      3) көрсетілетін қызметті алушының басқа елде тұрақты тұрғылықты жерінде болмауы;

      4) көрсетілетін қызметті алушының әрекетке қабілетсіз болып табылмайтыны (психикалық ауру немесе жарыместігі салдарынан өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе оны басқара алмайтын азаматты сот әрекетке қабілетсіз деп тануы мүмкін, осыған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді);

      5) көрсетілетін қызметті алушының не оның отбасы мүшесінің (бар болса) бас бостандығынан айыру орнында болмауы.

      "Мемлекеттік тізілім" АЖ-да, "Қазтізілім" АЖ-да, ЖР АЖ ИШ-да, "ЖМБМК" АЖ-да жылжымайтын мүлікке мәліметтер болғанда және 10-тармақта көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келмегенде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметтік тұрғынжай қорында тұратын адамдармен қызметтік тұрғынжайды жалға алу шарты бұзылады.

      11. SDU қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын бұзу үшін ЖР АЖ ИШ-ға көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін жібереді.

      12. Қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартының бұзылғаны туралы хабарлама Алгоритмге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын бұзу негізін көрсетіп, шешім қабылданғаннан кейін ЖР АЖ ИШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      13. Мемлекеттік орган ақпараттық жүйесінің иесі ұсынылатын деректердің дұрыстығына жауапты болады.

      14. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы көрсетілетін қызметтің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

3-тарау. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі

      15. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы іске қосылған ақпараттық жүйенің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

      16. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйенің тараптары – ақпарат беретін сервис иелері қамтамасыз етеді.

      17. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандыру, ақпарат қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және ақпараттық жүйені пайдаланушы қалыптастырған мәліметтердің қауіпсіздігін және өзгермеуін және форматтық-логикалық бақылауды уақтылы орнатуды қамтамасыз етеді.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
тұрғынжайын жалға алу шартын
жасау және ұзарту" мемлекеттік
қызметін көрсету шеңберінде
көрсетілетін қызметті
алушылармен қызметтік
тұрғынжайды жалға алу шартын
проактивті нысанда бұзу кезінде
мемлекеттік органдардың мен
ұйымдардың өзара іс-қимыл
жасау алгоритміне
қосымша

Құрметті көрсетілетін қызметті алушы!

      Қызметтік тұрғынжайды жалға алушылар тізімін түгендеу шеңберінде Сізден ________________ анықталды. Осыған байланысты Сізбен қызметтік тұрғынжайды жалға алу (себеп атауы) шарты бұзылды.

      Барлық мәселе бойынша ҚР ҚМ ресми сайтында көрсетілген "Жедел желі" телефондары арқылы хабарласа аласыз.

О взаимодействии государственных органов и организаций при расторжении договора найма служебного жилища с услугополучателями в проактивной форме в рамках оказания государственной услуги "Заключение и продление договора найма служебного жилища Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Совместный приказ Министра обороны Республики Казахстан от 6 мая 2025 года № 530 и Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 12 мая 2025 года № 210/НҚ

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 7.

      В соответствии со статьей 22 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Запустить пилотный проект взаимодействия государственных органов и организаций при расторжении договора найма служебного жилища с услугополучателями в проактивной форме в рамках оказания государственной услуги "Заключение и продление договора найма служебного жилища Вооруженных Сил Республики Казахстан" (далее – пилотный проект).

      2. Утвердить прилагаемый Алгоритм взаимодействия государственных органов и организаций при реализации пилотного проекта при расторжении договора найма служебного жилища с услугополучателями в проактивной форме в рамках оказания государственной услуги "Заключение и продление договора найма служебного жилища Вооруженных Сил Республики Казахстан".

      3. Министерству обороны Республики Казахстан и организациям по окончании периода пилотного проекта и до ввода в промышленную эксплуатацию своей информационной системы согласно подпунктам 1) и 5-1) пункта 2 статьи 38, подпунктам 4) и 6) пункта 2 статьи 49, подпункту 3-2) пункта 3 статьи 54 Закона Республики Казахстан "Об информатизации", обеспечить:

      1) наличие акта/протоколов испытаний с положительным результатом на соответствие требованиям информационной безопасности;

      2) договора совместных работ по информационной безопасности государственных и негосударственных информационных систем;

      3) наличие собственного оперативного центра информационной безопасности (далее — ОЦИБ) и его функционирования или приобретения услуг ОЦИБ у третьих лиц в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, с обеспечением взаимодействия ОЦИБ с Национальным координационным центром информационной безопасности;

      4) принятия мер по соответствию единым требованиям в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности.

      4. Главному управлению военной инфраструктуры Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания последним из руководителей государственных органов настоящего приказа направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его официального опубликования.

      5. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны и курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      6. Министерству обороны Республики Казахстан и Министерству цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан довести настоящий совместный приказ до своих заинтересованных подведомственных организаций.

      7. Настоящий совместный приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и действует по 1 апреля 2026 года.

      Министр обороны Республики Казахстан
генерал-полковник
__________Р. Жаксылыков
      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
__________Ж. Мадиев

  Утвержден
совместным приказом
Министра обороны
Республики Казахстан
от 6 мая 2025 года №530
Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 12 мая 2025 года №210/НҚ

Алгоритм взаимодействия государственных органов и организаций при расторжении договора найма служебного жилища с услугополучателями в проактивной форме в рамках оказания государственной услуги "Заключение и продление договора найма служебного жилища Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Алгоритм определяет взаимодействие государственных органов и организаций при расторжении договора найма служебного жилища с услугополучателями в проактивной форме в рамках оказания государственной услуги "Заключение и продление договора найма служебного жилища Вооруженных Сил Республики Казахстан".

      2. В настоящем Алгоритме используются следующие основные понятия и сокращения:

      1) информационная система "ЗАГС" (далее – ИС "ЗАГС") – предназначена для регистрации актов гражданского состояния населения Республики Казахстан по определенным событиям (рождение, смерть, заключение/расторжение брака, усыновление/удочерение, установление отцовства и перемена фамилии, имя, отчество), при этом, сведения о рождении и смерти физических лиц передаются единую систему регистрации и хранения информации о физических лицах;

      2) информационная система "ЕГКН" (далее – ИС "ЕГКН") – информационная система "Единый государственный кадастр недвижимости", содержащая сведения земельного и правового кадастров, порядок ведения которых определяется Земельным кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество";

      3) информационная система ИШ АС МР (далее – ИШ АС МР) – информационная система "Интеграционный шлюз автоматизированной системы мобилизационных ресурсов" Министерства обороны Республики Казахстан;

      4) информационная система "ГБД ФЛ" (далее – ИС "ГБД ФЛ") – единая система регистрации и хранения информации о физических лицах;

      5) информационная система "Казреестр" (далее – ИС "Казреестр") – государственная информационная система, основной целью которой является ведение централизованного учета договоров о долевом участии (далее – ДДУ) и договоров о переуступке прав требований по ним;

      6) информационная система "ГосРеестр" (далее – ИС "ГосРеестр") – информационная система "Реестр государственного имущества" Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан;

      7) информационная система "Smart Data Ukimet" (далее – SDU) – информационная система, предназначенная для сбора, хранения и комплексного анализа данных, накапливаемых в информационных системах государственных органов. Предоставляет государственным органам аналитическую информацию для принятия эффективных управленческих решений, основанных на данных.

      Все иные термины, используемые в Алгоритме, используются в том значении, в котором они употребляются в Законе Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи", Законе Республики Казахстан "О государственных услугах", Законе Республики Казахстан "Об информатизации", Законе Республики Казахстан "О миграции населения" и иных нормативных правовых актах.

      3. Участники проекта соблюдают требования Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", Единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2016 года № 832.

Глава 2. Порядок взаимодействия государственных органов и организаций при расторжении договора найма служебного жилища с услугополучателями в проактивной форме в рамках оказания государственной услуги "Заключение и продление договора найма служебного жилища Вооруженных Сил Республики Казахстан"

      4. SDU в рамках предоставленных согласий услугополучателей на сбор и обработку персональных данных при получении государственной услуги в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Заключение и продление договора найма служебного жилища Вооруженных Сил Республики Казахстан" утвержденными приказом Министра обороны Республики Казахстан от 29 ноября 2022 года № 1141, сегментирует и формирует список лиц, проживающих в служебном жилищном фонде Министерства обороны Республики Казахстан, на основании полученных сведений из ИШ АС МР в соответствии с существующими условиями для оказания Услуги.

      5. SDU в отношении услугополучателей по результатам пункта 4 Алгоритма проводит проверку в ИС "ЗАГС" на наличие или отсутствие брака у услугополучателя и на наличие или отсутствие детей.

      6. SDU в отношении услугополучателей и членов его семьи (при наличии) по результатам пункта 5 Алгоритма, проводит проверку в ИС "ГосРеестр" на наличие договора о приватизации жилища. В случае отсутствия получения договора о приватизации жилища список лиц подлежат следующей проверке.

      7. SDU в отношении услугополучателей и членов его семьи (при наличии) по результатам пункта 6 Алгоритма, проводит проверку в ИС "Казреестр" на наличие договора о долевом участии в жилищном строительстве. В случае отсутствия договора о долевом участии в жилищном строительстве список лиц подлежит следующей проверке.

      8. SDU в отношении услугополучателей и членов его семьи (при наличии) по результатам пункта 7 Алгоритма, проводит проверку в ИШ АС МР на наличие служебного жилища по прежнему месту службы в случае, если услугополучателю предоставлялось жилище. В случае отсутствия служебного жилища по прежнему месту службы список лиц подлежит следующей проверке.

      9. SDU в отношении услугополучателей и членов его семьи (при наличии), сформированный по результатам пункта 8 Алгоритма, проводит проверку в ИС "ЕГКН" о наличии или отсутствии у услугополучателя и членов его семьи в постоянном пользовании в данном населенном пункте жилища из государственного жилищного фонда.

      10. SDU в отношении услугополучателей по результатам пункта 9 Алгоритма, проводит проверку в ИС "ГБД ФЛ" и ИС "ЗАГС" на следующие критерии:

      1) услугополучатель либо член его семьи (при наличии) не признан безвестно отсутствующим или объявлен умершим;

      2)услугополучатель является гражданином Республики Казахстан;

      3) услугополучатель не находится на постоянном месте жительстве в другой стране;

      4) услугополучатель не является недееспособным (гражданин, который вследствие психического заболевания или слабоумия не может понимать значения своих действий или руководить ими, может быть признан судом недееспособным, в связи, с чем над ним устанавливается опека);

      5) услугополучатель либо член его семьи (при наличии) не находится в местах лишения свободы.

      В случае наличие сведений на недвижимое имущество в ИС "ГосРеестр", ИС "Казреестр", ИШ АС МР, ИС "ЕГКН" и в случае несоответствия критериев указанных в 10 пункте с лицами, проживающими в служебном жилищном фонде Министерства обороны Республики Казахстан расторгается договор найма служебного жилища.

      11. SDU направляет сформированный список услугополучателей в ИШ АС МР для расторжения договора найма служебного жилища.

      12. Извещение о расторжении договора найма служебного жилища, по форме согласно приложению к Алгоритму направляется в "личный кабинет" услугополучателя через ИШ АС МР, после принятия решения с указанием оснований для расторжения договора найма служебного жилища.

      13. За достоверность предоставляемых данных несет ответственность владелец информационной системы государственного органа.

      14. Взаимодействие государственных органов и организаций производится на постоянной основе для обеспечения бесперебойной и корректной работоспособности Услуги.

Глава 3. Ответственность государственных органов

      15. Взаимодействие государственных органов и организаций производится на постоянной основе для обеспечения бесперебойной и корректной работоспособности задействованных информационных систем.

      16. Полноту, подлинность, достоверность и не искаженность передаваемых данных обеспечивают стороны информационной системы -владельцы сервиса, передающие информацию.

      17. Государственные органы и организации обеспечивают соблюдение требований законодательства в сфере информатизации, информационной безопасности и формирование безопасности и неизменности сведений, сформированных пользователями информационных систем, и своевременность установлений форматно-логического контроля.

  Приложение
к Алгоритму взаимодействия
государственных органов и
организаций при расторжении
договора найма служебного
жилища с услугополучателями
в проактивной форме в рамках
оказания государственных услуг
"Заключение и продление
договора найма служебного
жилища Вооруженных Сил
Республики Казахстан"

Уважаемый(ая) услугополучатель!

      В рамках инвентаризации списка нанимателей служебного жилища установлена у Вас
_______________________. В этой связи с Вами расторгнут договор найма служебного
(наименование причины) жилища.

      По всем вопросам можете обратиться по телефонам "Горячая линия" указанным на официальном сайте МО РК.