"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі, Республикалық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 20 маусымдағы қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласының "Нұра" ауданы бойынша:
Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталатын, "Астана Арена" спорт кешені мен "Сарыарқа" республикалық велотрегінің арасында орналасқан атаусыз көшеге Месроп Маштоц көшесі атауы берілсін.
2. "Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | ______________ Ж. Қасымбек |
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | ____________Т. Зейнұлқабден |