"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 283 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Алтай аудандық зертханасының 2024 жылғы 5 шелдедегі №СО-24-F-07-(10)-00876-А-D сараптама актісі негізінде Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы "Селегер" шаруа қожалығына қарасты мүйізді ірі қара малдардың құтыру ауруына қойылған шектеу іс - шаралары алынсын.
2."Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы "Селегер" шаруа қожалығына шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 20 сәуірдегі № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солоновка ауылдық округінің әкімі | М. Елеусизов |